{metadescription}
Құдай маңдайынан сүйген актер – Құман Тастанбеков

Құдай маңдайынан сүйген актер – Құман Тастанбеков

Түнде ұйқысын, күндіз күлкісін ұрлаған әр алуан образды сомдаған жері – тетр. "Әкем театр" деп қасиет тұтқан қара шаңырағы Құман Тастамбековті босағасынан төріне дейін жеткізді. Бүгін сол қара шаңырағы зиялы актерін соңғы сапарға шығарып салды.  Асанәлі ағаның сөзі және құлазыған өзі көпшіліктің көңілін босатты. Сәбит Оразбаев ағамыздың Құман туралы айтқаны сай-сүйегіңді сырқыратады. Актер туралы шағын сюжеттің әсерін сөзбен жеткізу қиын. Мұның бәрі xалқының Құманына деген ықыласы. 

Тұғыры биік тұлғалар болады өмірде. Бірақ олар жүзден біреу болуы мүмкін. Өнерде де дәл солай. Тағдырдың сыйын, сынын да да арқалай алатын  қара нарлар бар. Бірақ олар мыңнан біреу болуы мүмкін. Өнер де де дәл солай. Өмірдің қызығынан қиындығы басым. Өнердің де зейнетінен бейнеті басым. Ғаламның бұл ғажабын жұлдызы жанған адамдар ғана түсіне алады.

Әртістің алдымен өнерін, сосын өзің құрметтейсің. Соғыстың соңғы көктемінде туған Құман аға үшін де дәл солай. Өзі еліктеп өскен әртістерге ұқсап сырнайды сызылта ойнайтын.

Құман Тастанбеков Алматы іргесіндегі жер жәннаты Жетісудан. Талдықорғанның Сарқанға қарайтын Екіаша ауылында балдай балалығы қалған ғұмырбаяны бар актер. Ғұмырбаяны ешкімдікіне ұқсамайды.

Талант баршаға ортақ. Өнер институты қабырғасында жүріп тұсауы кесілген тарланбоз. Екінші курста жүріп киноға түскені тағдырдың сыйлаған үлкен сыйы болды. Өз режиссерін адаспай тапты. 

Сұлу кескін-келбет сан түрлі образды сомдауға жеткізетін бірден-бір жол шығар. Бірақ ішкі тегерінің мықты болмаса, ажарыңа ешкім ас қойып ішпейді. Кино мен театр актердің қос қанаты секілді. Құман Тастанбековтің өнердің көгінде еркін самғаған жарқын жылдары өткен ғасырдың еншісінде жатыр.

Құман ағамыздың патша көңілді көрермені әлі ұмыта қоймаған образдары қалды артында.

Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» – Кебек, «Қаракөз» – Нарша,  Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қан мен тер» – Тәңірберген, Ш. Айтматовтың «Ана – Жер Ана» – Қасым, Ә. Әбішевтің «Белгісіз батыр» – Иман, Т. Ахтановтың «Жоғалған дос» – Мырзахмет, Қ. Мұхаметжановтың «Көктөбедегі кездесу» – Исабек, Д. Исабековтің «Әпке» – Қабен...

Жақсылық жүрегінің нұры бар адамдарды жағалайды. Зиялы актер көрерменнің көзін тойдыра білді.

Сахна – тұлғалардың тұғыры дейміз. Бірақ актер атаулының бәрін тұлға десек, артық айтқанымыз. Сахна – адал сардардың ақ бесік, асыл мекені дейміз. Бірақ сол сахнаға шыққанның бәрін саңлақ десек, асыра сілтегеніміз. Әртістің өзін танығың келсе, оның көзіне қара дейді. Әсем сыры бар, көркем мұңы бар жанардың иелері санарлық. Соның бірі – Құман...

Сұлу да, сымбатты. Бойында бекзада бекзаттығы бар Құман Тастамбековтің досты сүйіндірген, дұшпанды күйіндірген өміріне артар өкпесі болды ма?

Білеріміз, ол да пенде болды. Періште көкте ғана. Құдай маңдайынан сүйген ұлдың өлмейтін өнері қалды жадымызда...

Барын қанағат тұтқан биязы өнерпаз кетті арамыздан. Ибалы, инабатты актер.

Әр қазақтың жүрегінің төрінен орын алған Төлеген-Құман – елінің нағыз еркесі, сахнаның серкесі дейді ел бүгін. Өнер адамына халықтың берген бағасынан құнды дүние бар ма?

КТК арнасының ұжымы ҚР Халық артисі Құман Тастанбековтің туған-туыстарына көңіл айтады. Жатқан жері жайлы, топырағы торқалы, иманы жолдас болсын деп тілейді.

Талантын тұлпар еткен Тастанбеков жайлы дүниені «Жүрекжарды» шығарылымынан қараңыз.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:  МҰЗАФАР ӘЛІМБАЕВ: «ЕҢ ЖАҚСЫ ӨЛЕҢІМДІ МЕН ӘЛІ ЖАЗҒАН ЖОҚПЫН»

ЕГЕМЕНДІК: ҚАЗАҚЫ ҚАҒИДАСЫН ҚАЛТ ЕТПЕГЕН КЕЙІПКЕРЛЕР

ЗЕЙНЕТАҚЫ-2018: ЖАҢА ЖЫЛДА БІЗДІ НЕ КҮТІП ТҰР?

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ӨЗГЕ ҰЛТТЫҢ СҮЙСІНІСІН ТУДЫРА БІЛГЕН ҚАЗАҚ ӘНШІСІ

Кеше

18 қаңтар

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде