{metadescription}
Ақмола облысы: Жарқайың ауданының тұрғыны дәрігерлердің жауапсыздығынан мүгедек болып қалды
Ақмола облысы: Жарқайың ауданының тұрғыны дәрігерлердің жауапсыздығынан мүгедек болып қалды

Ақмола облысы: Жарқайың ауданының тұрғыны дәрігерлердің жауапсыздығынан мүгедек болып қалды

Емдеудің орнына жарымжан етті! Ақмола облысындағы Жарқайың ауданының тұрғыны Гүлмира Асылханова дәрігерлердің жауапсыздығынан мүгедек болып қалды. Операция кезінде ақ халаттылар босануға келген келіншектің қуығын жарып жіберген. Гүлмираның айтуынша, операцияны дәрігер мас күйінде жасаған. Оқиға осыдан үш ай бұрын орын алса да, прокуратураға шағымданған Гүлмираның арызы әлі қаралу үстінде.

Сәби сүйгісі келген 27 жастағы Гүлмира Асылханова мүгедек болды. Босану мерзіміне жетпей, жағдайы қиындаған Гүлмираға Жарқайың аудандық аурухананың дәрігерлері операция жасап, сау қуығынан айырды. Нәрестесі де шетінеп, өзі де зардап шекті. Гүлмираның әңгімесіне қарағанда, бұл оқиғаны дәрігерлердің жай ғана қателігі деуге аузың бармайды.

Гүлмира Асылханова, Державинск қаласының тұрғыны:

- Гинеколог дәрігер хирургті бірнеше сағат іздеп, әзер тапты. Түнгі сағат 2-де келген Ахметов мас еді. Аяғынан шайқалып,әзер тұрды. Мен өз көзіммен көрдім. Тіпті маған ашуланып, қатты сөздер айтты. Менің басқа жағдайды ойлайтын шамам болған жоқ...

Болат Ахметов осы аурухананың бас дәрігері, яғни тәжірибелі маман болып есептеледі. Өзі болған оқиғаны былай түсіндіреді.

Болат Ахметов, Жарқайың аудандық ауруханасының бас дәрігері, хирург:

- Кесарево операциясы жасалды. Қаны тоқтамаған соң, жатырын алып тастадық. Операция кезінде техникалық қиындықтарға байланысты қуығына зақым келді.

- Мас болғаныңыз рас па?

- Жоқ, ондай болған жоқ...

Істің мәнін анықтауға прокуратура кіріскенімен, нәтижесі жоқ. Болат Ахметов әзірге дәрігерлік тәжірибесін жалғастыруда.

Арман Ризанов, Жарқайың ауданының прокуроры:

- Қазіргі уақытта Астанада медициналық кешенді сараптама жүргізіліп жатқандықтан, істі тоқтаттық. Асылханованың денсаулығына қандай зиян келгендігін сараптама қорытындысы анықтайды, содан кейін ғана тиісті шара қолдана аламыз.

Гүлмира жасанды қуық салдыру үшін Астанадағы медициналық ғылыми орталыққа да барып қаралған. Дәрігерлер ауыр операция болғандықтан, әлі біраз уақыт күту керек депті.

Сәбит Құралбек, «Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Ақмола облыстық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы:

- Ауырлығын бағалап, 3-ші деңгейге ауыстыруды ойластыру керек еді. Жедел шара болғандықтан, ұйымдастыру жағынан кемшіліктер болған...

Хирургтің операция үстінде мас болғандығын тек сырқат қана айта алды. Кейіннен тексергенде, операцияға қатысқан басқа дәрігерлер бастығының сөзін сөйлеген. Олар Гиппократ антын естен шығарған сыңайлы. Ал 12 мүшесінің бірінен айрылған келіншектің туысқандары шамасы келгенше, әділдік іздеуге бекініп отыр.

Күләш Рақышева, Гүлмираның анасы:

- Баламды кемтар етті. Қайдан білейін, қандай көмек болатынын?! Дәретіне бөтелкемен барып жүр. Уыздай жас, 27-де, енді келешегі қандай болмақ?!

Жарқайың ауданының басқа да тұрғындары жергілікті ауруханада емделуге сескенеді. «Мұндағы дәрігерлер сау адамды мүгедек етіп тастайды», - дейді олар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде