{metadescription}
Павлодарлық жас отбасы дәрігерлерді кінәлап отыр
Павлодарлық жас отбасы дәрігерлерді кінәлап отыр

Павлодарлық жас отбасы дәрігерлерді кінәлап отыр

Павлодарлық жас отбасы дәрігерлерді кінәлап отыр. Айтуларынша, олар ақ халаттылардың салғырттығынан жаңа туған нәрестесінен айырылған. Тоғжан Женалинова перинаталдық орталықта  «үш тәулік бойы жатып қиналдым»  деп отыр. Осы уақытта дәрігерлер жүкті әйелге жөнді қарамапты. Ал салғырттықтың  салдарынан іштегі бала тұншығып қалған. Десек те, бұл тұрғыда дәрігерлердің де өз уәждері бар.

Айман Женалинова, Павлодар қаласының тұрғыны:

- Ол осы дүниеге келіп тұрды, сап-сау болатын, төрт жарым келі боп туды.  Тек  дәрігерлердің кінәсі...айырылып қалғанымызбаладан. Иса деп атын қойдық.

 Иса, өкінішке қарай, жарық дүниені көре алмай кетті. Бұл Айман Женалинованың алғашқы немересі болатын еді. Ал толғағы қысып, перзентханаға түскен келіні Тоғжанды дәрігерлер жөнді қарамағаны былай тұрсын, дөрекі сөздер айтқан көрінеді.  

Тоғжан Женалинова, Павлодар қаласының тұрғыны:

- Перзентханада үш тәулік бойы ұстады. Бұл ақылға қонымсыз, үш тәулік ішінде амалын тауып, бірдеңе жасауы керек еді ғой. Оның үстіне өзім есепте тұрған емхана қызметкерлері:  “Балаңның салмағы үлкен, ішіңнен кесіп алады” деп айтқан болатын.

 Оның үстіне жүкті болғанына  тоғыз  айдан асса да, перзентхана дәрігерлері Тоғжанға кесарево  операциясын   жасаудан бас тартқан. Тек науқастың жадайы тым нашарлап, есінен танған кезде ғана нәрестені операциялық жолмен алуға  ұйғарыпты. Алайда іштегі бала осы уақыт аралығында суына тұншығып, бір тәулікке жетпей шетінеп кеткен. Ақ халаттылар болса, жағдайдың тіпті басқаша болғанын айтады. Баланың шетінеп кетуіне анасының жұқпалы дертпен ауырғаны себеп болуы мүмкін.

Гүлнәр Буратаева, Павлодар облыстық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

- Женалинова Тоғжан перинаталдық орталыққа 20 қыркүйек күні келіп түсті. Жүктілігі – 40 апта. Алдамшы толғақпен келген. Бірақ әлі босануға дайын емес еді. Ол кезде Тоғжанның да, сәбидің де жағдайы жақсы болатын.

Алайда Женалиновтар отбасы бұнымен тоқталмақ емес. «Сәбидің өліміне кінәлі жандар тиісті жазасын алсын»және «Медициналық мекемеде жұмыс істеу құқығынан айырылсын»деп, тиісті органдарға шағым түсірді. Айта кету керек, соңғы кезде  аталмыш  перинаталдық орталық қызметкерлерінің жұмысына шағымданушылар қатары көбейген. 

Өткен жылы  аталмыш    мекемеде тағы бір отбасы он жыл күткен баласынан айырылды. Сап-сау болып туған нәресте жарық дүниені төрт-ақ күн көріп, аяқ астынан шетінеп кеткен еді. Ол кезде  сәбиге хлор толы клизма жасалды деген басты жорамал қарастырылған болатын. Ішкі істер органының қызметкерлері тергеу амалдарын жарты жылдан соң аяқтап, сәбидің өліміне перзентхана қызметкерлерінің қатысы жоқ деген ұйғарым жасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде