{metadescription}
Ақтауда әйелді босандыра алмай ажал құштырған дәрігерлер сотта жауап беріп жатыр
Ақтауда әйелді босандыра алмай ажал құштырған дәрігерлер сотта жауап беріп жатыр

Ақтауда әйелді босандыра алмай ажал құштырған дәрігерлер сотта жауап беріп жатыр

Ақтауда жүкті әйелді ақылы негізде босануға мәжбүрлеп, ақыры ажал құштырған дәрігерлер сот алдында жауап беріп жатыр. Арнайы құрылған комиссия мүшелері 37 жастағы Қалима Бисеноваға ақ халаттылар дер кезінде көмек көрсетпепті деген тоқтамға келіпті. Толғақ қысып келген әйелді Ақтау қалалық босану үйінің дәрігерлері қараусыз қалдырып, 3 сағаттан соң ғана кесарево тілігін жасаған. Алайда, әбден әлсіреген ана да, бала да операция үстелінде қайтыс болды.

Жауапқа 3 дәрігер тартылуда. Жәмилә Керімбекова – сол кездегі Ақтау қалалық босану үйі директорының міндетін атқарушы, Сағира Аймекен – босану бөлімшесінің меңгерушісі және Сүндет Сарбасов – анестезиолог-реаниматолог. Бәріне тағылған айып біреу: кәсіптік міндеттеріне салғырт қарауларынан адам өліміне әкеп соқтырған.

-Дәрігерлердің талабы бойынша БАҚ өкілдеріне 5 минут қана түсірілім жасауға мүмкіндік берді. Екі акушер-гинеколог тәжірибелі мамандар. Еңбек өтілі 10 және 25 жыл. Ал, анестезиолог-реаниматологтың жұмыс істеп жүргеніне 1-ақ жыл болған.

-Сендім! 100 пайыз сендім деп айта аламын...

Жүктіліктің соңғы айында жүрген Айнұрдың апасы Қалима Бейсенова өткен жылы шілденің ортасында аяқ астынан жатырдан қан кетіп перзентханаға түседі. Бас дәрігердің міндетін атқарушы Жәмилә Керімбекова науқасты қарап шығып, ертеңіне үйіне жібере салған. Ал босандыру үшін ақша талап етіпті.

Айнұр Ахметдинова, марқұмның туысы:

-Ақылы ретінде келісім шартқа отырыңыз, сол кезде ғана мен сізге ақылы көмек көрсете аламын деді. Сол ертеңіне есеп бөліміне барып, 36100 ақша төлеп шартқа отырдым.

37 жастағы Қалиманың толғағы 25 шіледе басталып, босану үйіне келген. Алайда, ақысын төлеп, келіскен дәрігері алдынан шықпапты. Тек 1 жарым сағат өткенде ғана келген. Сөйтіп, түсте толғатып келген келіншекке тек кешкі алтыда кесарево тілігін жасайды. Алайда, тым кеш еді. Әлсіреген ана да, тұншыққан бала да операция үстелінде көз жұмды. Марқұмның артында бірінші күйеуінен туған қызы қалды. 

Айнұр Ахметдинова, марқұмның туысы:

-Егер әкесі болса, басқаша болар ма еді. Бұл жерде бала тұлдай жетім болғандықтан осы дәрігерлердің кінәларын тарту керек. Неге осы іс менімен болды деген ой әлі күнге дейін мазалайды.

Сот-медициналық сараптама мамандары мен осы іске қатысты құрылған комиссия да ана мен бала өлімнің алдын алуға болатын еді деген тұжырым жасаған. Ақылы қызмет түрін заңсыз деп тауып, ақшаларын қайтарып берді. Алайда дәрігерлер өздеріне тағылған айыппен келіспейді. Тілшілерге де сұхбат беруден бас тартты. Ал марқұмның туыстары дәрігерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартқызып қана қоймай, моральдық шығын да талап етпек.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.