{metadescription}
Алматы облысында полковник сотқа тартылатынын біліп өзін атып өлтірген
Алматы облысында полковник сотқа тартылатынын біліп өзін атып өлтірген

Алматы облысында полковник сотқа тартылатынын біліп өзін атып өлтірген

Алматы іргесіндегі әскери бөлімде атылып өлген полковник істі боларын біліп өзіне қол салған. Абай Мырзабеков жемқорлыққа қатысты істе басты күдіктілердің қатарында болыпты. Себебі тергеушілер, марқұм полковник ұзақ жылдар басқарған бөлімде ондаған милллион бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалғанын  әшкерелеген.

Былтыр Қорғаныс министрлігі №55065 бөліміне жоспарлы жөндеу жұмыстарына қомақты ақша бөлген екен. Бұл қаржыға әскери бөлімнің айналасы бетонмен қоршалуы тиіс болған. Тиісті жұмыстың атқарылғанына кейін арнайы комиссия да көз жеткізеді. Бірақ, қоршау құжатта көрсетілгендей сапасы жоғары материалдан емес, арзан құмтастан тұрғызылыпты. Үнемнен артық қалған қаржыны әрине, Қорғаныс министрлігіне ешкім қайтармаған. Былық әшкереленген соң, бөлім командирін қылмыстық іс қана емес, түрме тіпті барлық мемлекеттік медальдарынан айырылу қаупі күтіп тұрған еді. Осы кезде, полковник Мырзабеков зейнеткерлікке шығу жөнінде дереу рапорт жазып кейін өзіне қол салған. Соңына бір парақ хат қалдырған офицер тура қызметтік кабинетінде табелді тапаншадан атылып өлді. Қазір Ішкі Істер министрлігінің әскери тергеу басқармасы бөлім басшылары мен офицерлерден тегіс жауап алып, қаржылық құжаттарды тексеріп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде