Депутаттар жалақыларын қысқартуға тегіс қарсы шықты
Депутаттардың жалақысын қысқартқаннан бюджет байып кетпейді. Бүгін мәжілісмендер ресейлік әріптестерінің бастамасын қолдағысы келмей, осылай деп қарсылық білдірді. Бұған дейін Дума депутаттары қазына қаржысын үнемдеу үшін айлықтарын қысқартуды ұсынған болатын.
Автор: Жәудір Оразхан
25.02.2015
Халық қалаулыларының айтуынша, Ресей депутаттары айына 3 миллион теңге, ал біздің мәжілісмендер жарты миллион теңгеге жуық жалақы алады. Яғни, екі елдің парламентін салыстыруға келмейді екен. Оның үстіне жалақыдан үнемделетін 1-2 миллиард теңге мемлекеттің жыртығына жамау болмайды деп депутаттар. Бүгін екі жылдық бюджетке тиімсіз шығындарды қысқарту туралы өзгеріс енгізіп, құжатты қабылдаған мәжілісмендер өздерінің жалақысына келгенде осылай жылап қоя берді.
Нұрлан Әбдіров, Мәжіліс депутаты:
-Депутаттар жалақысыз қалсын дейсіңдер ме? Біздің де отбасымыз бала-шағамыз бар ғой.
Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:
-Ресейліктермен салыстыруға болмайды. Олардың жалақысы бірнеше есе көп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!