Астананың туған күніне жұмсалатын қаржы көлемі айтылған жоқ
Астананың мәдениет басқармасы бас қаланың туған күніне жұмсалатын қаржы көлемін айтудан бас тартты. Былтыр дүбірлі думанға бюджеттен 700 миллион теңге бөлінген болатын. Бұл жолы да тойдың кең көлемде аталып өтілетінін ескерсек, шығын аз болмайтын сияқты.
Автор: Ербол Сейілхан
17.06.2015
Жиған тергенін 6-шы шілде Астананың туған күніне шашатын әкімдік әзірлікке қызу кірісіп кеткен. Басты көшелер күн сайын түрленіп жатыр. 4-ші шілдеде басталатын думанда 70-тен астам түрлі мәдени шаралар өткізілмек. Шенеуніктер ауқымды шоу бағдарламалардың өте қызықты өтеріне сендіріп отыр. Ең басты жаңалық –атақты Голливуд актері Стивен Сигал қонақжай Арқа төсіне ат басын бұрмақшы. Ал аттай қалап алдырған әншілердің арасында ресейліктер көп. Араларындағы белгілісі «Сплин» мен «Uma2rmaH» рок топтары ғана. Қызық қуғандардың көңілін әлемге танымал италиялық DJ Алекс Гаудино да көтермек. Есілдің жағалауында бұрын-соңды болмаған отшашумен аяқталатын Елорданың 17 жылдық мерейтойы 6-шілдеге дейін созылады. Мемлекеттік мереке болғандықтан елімізде бұл күн демалыс ретінде жарияланғанын айта кетейік.
Болат Мажағұлов, Астана қалалық мәдениет басқармасының басшысы:
-Биыл Астана күніне тек қана бүкіл Қазақстанның өңірлері емес, жалпы Моңғолиядан, Қытайдан және басқа шетелдерденқонақтар келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары