Астанада мәйіт жанында суға шомылған тұрғындардың видеосы интернетті дүр сілкіндірді
Мәйіт жанында суға шомылған! Астана іргесіндегі Қоянды аулында 10 жасар қыз суға кетіп өлді. Оқиға куәгерлері көмекке ұмтылғанымен, жеткіншектің тек өлі денесін жағаға шығара алған. Ал бұл кезде басқалары баланың мәйітін тастай салып, алаңсыз суға шомыла беріпті.
Автор: Ербол Сейілхан
20.07.2015
Бұл кісі шошырлық көріністерді сол маңда жүргендер түсірген. Марқұм қыздың денесін демалушылар матаға орап, топырақ үстіне тастай салыпты. Адамдар бала-шағасымен мәйіттің жанында мәз-мәйрам боп суға шомылып жатыр. Не жағажай әкімшілігі, не үлкендер жағы бас болып денені таса жерге апаруды да ойланбаған. Қайта қызықтап ұялы телефонға түсіріп жүр. Ал куәгерлердің айтуынша, жасөспірімнің мәйітін алып кетуге жедел жәрдем 1 сағаттан соң бір-ақ, жеткен. Негізі марқұм жеткіншек, жағажайға әкесімен келіпті. Кейін ол баласын жалғыз қалдырып кетіп қалған. Оралғанында, қызының өлі денесін ғана құшақтап қалды. Ал жеке жағажай әкімшілігі өздеріне шаң жуытар емес.
Азат Жамантаев, жағажай қызметкері:
-Қоршаулар орнатуымыздың кемі жоқ. Демалушылар бұзып кетіп жатыр. Ал суға тұншығып өлген қыз саяжай жақтан келген. Күнде әкесімен бірге осы жерде шомылып жүретін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!