Мемлекеттік білім гранты төңірегінде үлкен дау шықты
Мемлекеттік білім гранттарының қорытындысы жариялана салып, оның төңірегінде үлкен дау шықты. Астанада халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары бюджет есебінен тегін оқитындардың тізіміне ілінбей қалған. Олардың қатарында Грузияда өткен математика пәні бойынша халықаралық сайысқа қатысып, елге жүлдемен оралған Жұлдыз Оспан мен Арай Нұржанова бар. Бұл түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуге де қатыспаған. Қолдарына бірден «125 балл» деген сертификат беріліпті. Яғни олар ешқандай байқаусыз мемлекеттік білім грантына ие болуы керек еді. Ашынған ата-аналар берген уәдесінде тұрмаған Білім...
Автор: Жәудір Оразхан
11.08.2015
нистрлігінен кеткен қателікті дереу түзеуін талап етіп, Аслан Сәрінжіповке хат жолдады.
- Медаль алған, сертификат Грузиядан алған. Ағылшынша, грузинше жазылған.
Қайсар Оспанов қызының Грузияда математика пәнінен өткен халықаралық олимпиададан алып келген «Қола медалін», мектеп бітіргеннен кейін берілген жоғары балл жазылған сертификатын құшақтап Білім министрлігінің алдына келді. Өйткені, шенеуніктер мемлекеттік грант ең алдымен «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық байқаулардың жеңімпаздарына беріледі деп уәде еткен еді. Алайда, неге екені белгісіз, бүгін шыққан тізімде Жұлдыз жоқ.
Қайсар Оспанов, Жұлдыз Оспанның әкесі:
- Газеттен гранттың результатын қарадық. Менің қызым 11 жыл бойы мектепті тек 5-ке ғана оқыды. Білім және ғылым министрлігінің мұндай жүйесі дұрыс жасамаса, мектепте жақсы оқыған балалр мемлекеттің беріп отырған грантымен оқуға түсе алмаса, мұндай жүйе кімге қажет?
Жұлдыз Оспан математика пәні бойынша халықаралық сайыстың жүлдегері болғандықтан экономика, қаржы мамандықтарын таңдаған. Құжаттарын Астанадағы екі ұлттық университке тапсырған екен. Жұлдыздың ата-анасы оны ақылы оқытуға шамамыз жетеді дейді. Тек бұл хабар 11 жыл үздік оқыған қызымызға ауыр тиетін болды деп алаңдап отыр.
Қайсар Оспанов, Жұлдыз Оспанның әкесі:
- Қызым әлі білмейді. Техникалық ақауларға байланысты сені қоспаған шығар деп оған айтпай отырмыз. Қызыма қазір шынымды айтсам, ауыр болады.
Астанадағы білім гранты төңірегіндегі дау мұнымен шектелмейді. Оңтүстік Кореяда ғылыми жоба қорғағаны үшін 100 баллдық сертификат алған Арай да «мемлекет есебінен тегін оқуға түсе алмадым» деп редакциямызға жылап келді.
Арай Нұржанова:
- Білім грантына ие болғандардың тізімде жоқ екенімді көріп, таңқалдым. Еуразиялық университетке тапсырған бір түлек 89 баллмен грантқа өткен, ал мен 100 балмен қабылданған жоқпын. Бүгін Білім министрлігінің жанындағы байқауға жауапты комиссияға бардық, мардымды жауап ала алмадым.
Жалпы, еліміз бойынша мемлекеттік білім грантына ие болғандардың тізімі бүгін шықты. Биыл бюджеттің есебінен 32 мыңнан астам адам тегін оқи алады. Ал, грантының басым бөлігі, яғни 78 пайызы қазақ тілді түлектерге бұйырмақ. 32 мың гранттың 12 мыңы техникалық, 6 мыңы педагогикалық, 2 жарым мыңы ауыл шаруашылығы мамандықтарына арналған. Бұл гранттар еліміздегі 60 университетке тиесілі.
Бұйырмаған білім грантын даулап жүрген түлектердің жағдайын Білім министрілгіне жеткіздік. Шенеуніктер «мәселені шешеміз» деп қысқа қайырды. Жауаптылар мән-жайды анықтап жатыр екен. Алайда халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары Жұлдыз Оспан мен Арай Нұржанованың ата-анасы мына жағдайдан кейін жайбарақат жүре алмаймыз деп отыр. Бірі Аслан Сәрінжіповке жеке хат жазып, министрілкке әкеп тастап кетсе, енді бірі министрдің жеке қабылдауына жазылып қойыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!