{metadescription}
Астаналық жезөкшелер кәсіптерін заңдастырып беруін талап етуде
Астаналық жезөкшелер кәсіптерін заңдастырып беруін талап етуде

Астаналық жезөкшелер кәсіптерін заңдастырып беруін талап етуде

Астаналық жезөкшелер үкіметке өтініш жасады. Қыздар шенеуніктерден кәсіптерін заңдастырып беруді талап етуде.  Түнгі көбелектер де мемлекетке салық төлеп, қартайғанда жұрт қатарлы зейнетақы алғысы келеді екен. Қызметімізден  қазынаға табыс түсіріп тұрса, жүзіміз жарқын  және еуропадағыдай еркін еңбек етер едік дейді түнгі көбелектер.  

Бұл – Астанадағы жезөкшелердің атақты бекеті. Сақшылар вокзал маңындағы түнгі тіршілікпен қанша күрескенімен, әзірге нәтиже жоқ. Аймақтан  қыздарды түбегейлі қуып жіберуге ешкімнің шамасы  жетпей отыр. Полицейлер жол жағалап, жігіт іздеген түнгі көбелектерді аңдып, бүгін  тағы  шықты.

Жезөкшелерді іздеп табу аса қиын болмады. Олар алыс кетпей-ақ дәл  вокзал маңынан пәтер жалдап, жігіттерге қызмет көрсетеді екен. Өздері бұл қылықтарынан арланбайды да. Тәнін  саудасын күнкөрістің қамы деп есептейді.  Мәселен, 34 жастағы мына жесір келіншек екі баламды асырау үшін түнімен тынбай  еңбек етіп жүрмін дейді.

- Бізді біреу сатқан жоқ, біреу бізді істетіп те жатқан жоқ. Өзімізге жұмыс істейміз. Менің күйеуім қайтыс болды, соның жылын өткізу үшін келдім. Жылы болып жатыр, құрбан айтта. Содан кейін бұл жұмысты істемеймін мен.

Сұранысқа қарай бұл қызмет те күн санап дамып келеді екен. Қазір қыздарды кез-келген жерге жеткізіп  беретін болыпты. Ол үшін арнайы жігіттер жұмыс істейді. Яғни, делдалдар жеке көлігімен  түнгі көбелекті тапсырыс түскен мекен-жайға жеткізіп береді.  

- Клиент апарсаң, ақшасын береміз деді. Апара салдым.

- Сонда таксисіз бе?

- Подгонщик болып есептеледі ғой.

Жеңгетайлар мен жеңіл жүрісті қыздардың көптен бері үкіметке айта алмай жүрген назы  бар екен. Соны бүгін делдал жігіттер де айтты. Яғни жезөкшелікті заңдастыру керек дейді олар. 

- Егер бұл қызметті заңдастырса, мемлекетке салық төлейміз. Мәселен, мен қызадарды тасып, бір  түнде 10 мың теңгеге дейін табыс табамын.

Ал Астанадағы жезөкшелер жайлаған  көпқабатты үй  тұрғындарының ойы керісінше. Жұрт «түнгі көбелектерді» бұл жерден қуу үшін жылдар бойы шағым жазумен келеді. 

- Адамның нервсын ойнатады ғой. Әлі құрта алмаймыз ғой деймін. Түн ортасында қаптап кетеді.

Ал жезөкшелікті заңдастыру мәселесі бізде оқтын-оқтын көтеріліп тұрады. Оны демографтар талай мінберден айтты. Бірақ бұл мәселе үкімет деңгейінде ешқашан қаралған емес. Сондықтан жезөкшелер мен делдал жігіттердің бүгінші өтінішінің орындала қоюы екіталай. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде