Ақтөбеде тосыннан базарға кіріп барған Сапарбаев саудагерлердің қулығын әшкереледі
Ақтөбеде облыс әкімін саудагерлер алдап соқты. Жақында ғана тағайындалған Бердібек Сапарбаев алдымен базарларды аралап көруді жөн санаған екен.
Автор: Жаңалық Ахаш
21.09.2015
Қызметтік көлігін тастап көшеге жаяу шыққан аймақ басшысының қылығына бұрын мұндайды көрмеген жергілікті жұрт таңданыспен қарады. Базарға бас сұққанда саудагерлер біраз абдырап қалды. Себебі тексеру келетін болса олар бұрын алдын ала біліп отыратын. Бұл жолы жаңа әкімге саудагерлер етті 850 теңгеден сатып жатқандарын айтып жатқанда өтіріктері шығып қалды. Себебі құн жазылған парақшаның артында 900 теңге деп көрсетілген.Оны бақылаушылар келсе ауыстыра қояды екен. Енді мұндай көзбояушылыққа барғандарды аймақ басшысы аямаймын деп отыр.
- Мынау немене?
- Бұл біздің баға емес
- Қарындас, мен келгенде осы баға жатты ғой.
- Жоқ,жоқ менікі емес
- Былай істейміз : жиі тексереміз. Кім алдайды, соған айыппұл саламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!