СҚО-да оқушы тура сабақ үстінде қайтыс болды
Солтүстік Қазақстан облысында тура дене шынықтыру сабағы кезінде 13 жасар қыз мерт болды. Өспірімнің дені сап-сау, еш жерде медициналық есепте тұрмаған. Қайғылы оқиға Қиялы ауылының орта мектебінде болды. 7-ші сыныпта оқитын Светлана Краснощекова сабақ енді басталғанда кенеттен талып қалған. Мектеп дәрігері мен жедел жәрдемнің 40 минут бойы оның есін жиямыз деген әрекеттерінен түк шықпапты. Кейін белгілі болғанындай, қыз құлаған сәтте-ақ жүрегі тоқтап жан тәсілім еткен. Бүгін марқұмның туыстары Светлананы арулап жерледі.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
09.10.2015
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары