{metadescription}
Қостанайда боран соғып нысандарды қиратты
Қостанайда қарлы боран соқты. Желдің күштілігі сонша, сауда лашығы мен автобус аялдамасын төңкеріп тастады. Қазір еліміздің солтүстік өңірлері күшті циклонның құрсауында тұр. Бүгін ғана Қостанай облысында аяз болып, температура –20 градусқа дейін төмендеген. Синоптиктер Қостанайда ауа-райының әзірге оңайлмайтынын айтып отыр. Аптаның аяғына қарай минус 10 градус болады деп күтілуде. Сондай-ақ, Астанаға қарай күшті жел бет алған. Соған байланысты, ертең Ақмола облысы аумағында дауыл болатыны ескертіліп жатыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
21.10.2015
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!