Елімізде бұдан былай әр науқас дәрігерді өзі таңдайды
Бұдан былай әр науқас дәрігерді өзі таңдайды! Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі басынан дау арылмаған міндетті медициналық сақтандырудың артықшылықтарын жіпке тізіп шықты.
Автор: Досжан Маратұлы
04.11.2015
Оған сай, 2017- ші жылдан бастап әр компания қызметкері үшін жалақысынан тыс 5 пайыз ақшасын міндетті медициналық сақтандыруға төлейді. Бұл қаржы арнайы құрылатын қорға жиналады. Кейін осы сақтандыруда ақшасы бар кез-келген адам қалаған дәрігеріне барып ем-домын алауына болады. Ал, оның емі үшін дәрігерге ақша сол қордан төленбекші. Жеке меншік клиникалар да осы жаңа жүйеге кіруді қалап отыр. Өйткені, медициналық сақтандыру жұмысын бастаса, қалтасынан ақша шығарып емделетіндер азаяды. Ем-домы үшін барлық төлемдер қордағы ақшадан алынатындықтан емханалар арасында бәсекелестік басталары анық.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:
-Бәсекелістік медициналық қызмет көрсету сапасын арттырады. Дәрігер ақшаны көбірек тапқысы келсе, науқасқа барынша жағуы керек. Өйткені, сырқат адам кімге барып емделгісі келсе өзі біледі. Ақша сақтандырудан төленеді. Ал, әлеуметтік аз қамтылғандар, мүгедектер мен зейнеткерлер үшін сақтандыруға ақшаны Үкімет төлейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!