{metadescription}
0:000:00
Шымкентте  4 адамның өмірін қиған мас жүргізушіні  марқұмның туыстары жазаламақ болды

Шымкентте 4 адамның өмірін қиған мас жүргізушіні марқұмның туыстары жазаламақ болды

Шымкентте ішімдікке тойып алған бай баласы 4 адамды ажал құштырды. Қымбат джип мінген ол жылдамдықты асырғанымен қоймай, қарсы бағытпен жүріп басқа жеңіл машинамен бетпе-бет соқтығысқан. Көлік ішіндегі төрт адам түгел көз жұмды. Екеуі 1және 5 жастағы бүлдіршіндер. Апат орнына лезде жиналған марқұмдардың туыстары тентекті өзіміз тезге саламыз деп, арты үлкен айқайға ұласты. 

Ашуға мініп, полицейлерді жұлып жеуге дайын тұрған бұлар апатты ести сала оқиға орына жеткен марқұмдардың туыстары. Төрт адамды жазым қылған Лексустың жүргізушісін полицейлер қызметтік көлігіне жасырып, қорғауға тырысты. Тіпті бірлі жарымының әлі жетпеген соң әріптестерін көмекке шақырған.

Қанды апат сенбі күні қала орталығында болды. Спирттік ішімдікті тойып ішіп, Лексус 570-ті тізгіндеген 24 жастағы Мұрат есімді жігіт полицейлерден қашыпты. Тіпті, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Аудимен соқтығысқан. Оның ішіндегі бір әулеттің 4 адамы түгел мерт болды. Екеуі 5 және 1-ден енді асқан бүлдіршіндер. 

4 жақынын жерге тапсырған Дауылбаевтар отбасы кінәлі жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Себебі, Лексустың жүргізушісі Мұрат Танкеев полиция мен прокуратурадағы жоғары шенді ағаларының атын атап, ешқандай жазаға тартылмайтынын айтыпты.

Айжан Әпсалямова, марқұмдардың туысы:

-Әкесі бай екен, бизнесмен деді. Әкесінің інісі сол ІІД бір криминалистика  бөлімінің бастығы екен. Сол үшін әпкемнің көзіне боқтаған не істесең оны істе деп.  Қайда барсаң сонда бар. Соттасаң сотта маған дауа жоқ деді. Ештеңе істей алмайсың. Қолыңнан ештеңе келмейді деп айтты.

Мұрат Танкеевті сол күні қамауға алған полицейлердің өзі оның ішкі істер департаментіндегі туыстары туралы жақ ашпайды. Қазір тек 1 бап бойынша тергеу жүріп жатыр екен.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз хатшысы:

-Лексус автокөлігінің жүргізушісі сараптама қортындысы бойынша спирттік ішімдік ішіп рульге отырған. Қазіргі таңда Лексус жүргізушісі қамауға алынды.ҚР ҚК-нің 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол жол ережесін өрескел бұзу.

Ресми түрде еш жерде жұмыс істемесе де қымбат Лексусті тізгіндеген Мұрат Танкеевтің туыстары марқұмдардың жақындарына келіп кешірім де сұрапты. Тек 4 бірдей азаматынан айрылған Дауылбаевтар кешірмек түгілі барынша қатаң жазаға тартылмаса бай баласының сазайын өзіміз береміз деп бекініп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.