{metadescription}
Бірнеше облыста кәсіпкерлер  нанды тегін таратып жатыр
Бірнеше облыста кәсіпкерлер  нанды тегін таратып жатыр

Бірнеше облыста кәсіпкерлер нанды тегін таратып жатыр

Еліміздің дүкендерінде тұрмысы нашар отбасыларға азық-түлікті тегін беру үрдісі жолға қойылып жатыр. Дағдарысқа дейін нанның өзін ақысын төлемей алу таңсық болса, қазір ақшасы жоқтар жұмыртқа мен көкөністерді де тегін әкете алады.

Фәнуза Шәкірқызы күнара мына дүкенге келеді. Өйткені соңғы кезде мұнда өзі сияқты зейнеткерлер үшін нан тегін. Кәсіпкердің айтуынша, күніне 15 бөлке қарияларға таратылады. Павлодарда әзірге мұндай екі-ақ дүкен бар. Сатушылар алдына келген азаматтың жағдайын растайтын құжат та сұрамайды.

Гүлсара Мәкенова, дүкен иесі:

-Осындай қиын кезде өз тарапымыздан әрбір зейнеткерге бір бөлке нанды көмек болсын деп күнде таратамыз.

Көкшетауда да көпбалалы аналар мен зейнеткерлерге әр жұма сайын 1 бөлке нан мен 5 жұмыртқаны тегін үлестіретін дүкен бар. Бүгін мұнда зейнеткерлер бүгін тым көп. Кезекке тұрып кейіс те білдіріп жатыр. Әзірге саудагердің күніне 50 нан мен 250 жұмыртқа таратуға мүмкіндігі бар екен.

Бисара Шәріпова, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-Көп халыққа пайда ғой. Азды көп болсын жақсы,көмек қой.100 теңге болса да көмек қой бізге.

Ал Балқашта нан пісіретін комбинат өз дүкендерінде арнайы нан сөресін орнатып, «мұқтаж болсаң ал» деп жазып қойған. Дүкенге кірген қария атаулы құр шықпай қуанып жүр. Қарағандыдағы жас отбасы да әр жексенбі сайын үйіне бір топ баланы жинап ап, тамақтандыруды дәстүр етіпті.

Бақытты Қанапинова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Ванныда жуындырамыз ол балаларды. Ойнатамыз, тамақтарын береміз. Осы балаларындың балалық күндерінен кікентай болса да, ойларында балалық күнінен жарқын естелік қалсын дегіміз келеді.

Семейде жергілікті белсенділердің бастамасымен ірі сауда орнында «Шапағат наны» ұйымдастырылды. Аты айтып тұрғандай, жұрт ас атасын сатып алып, оны қайырымдылық жәшігіне табыстайды. Ал бас-аяғы бір сағат ішінде жиналған 70 бөлке нан жалғызбасты зейнеткерлер мен мұқтаж жандарға тегін таратылды.

Жасұлан Құрманғалиев, қоғам белсендісі: 

-Басқа да үлкен дүкендер толықтай келісімін береді деп ойлаймын. Өйткені бұл акция еліміздің түпкір-түпкірінде өтізілу үстінде. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер де атсалысып, өз еріктерімен осы акцияны ұйымдастырып жатыр.

Осылайша еліміздің әр аймағында мұқтаж жандарға қол ұшын берер жомарт азаматтардың қатары артып келеді. Бұл байлықтарының тасығанынан емес, қымбатшылық кесірінен айлығы шайлығына жетпей қалғандарға көмек беруге тырысқан беттері. Әзірге бір бөлке нан, 5 дана  жұмыртқа мен азын-аулақ көкөністі тек шағын дүкені бар ортаңқол кәсіпкерлер ғана үлестіріп отыр. Ал пайданы күреп тауып отырған супермаркет иелерінен мұндай мәрттік байқалмайды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде