{metadescription}
Ақтауда кәдімгі кір тастарының саудасы қызып тұр
Ақтауда кәдімгі кір тастарының саудасы қызып тұр

Ақтауда кәдімгі кір тастарының саудасы қызып тұр

Сатып алушылар бір спорттық жабдық үшін екі жарым миллион теңгеге дейін төлеуге дайын. Бірақ ол Кеңес кезінде шығарылған, әрі түбі жайпақ болуы тиіс. Осындай тиімді хабарландырудан соң тұрғындар тіпті бір-бірінің үйіне ұрлыққа түсіп, кір тастарын алып кетіп жатыр.

-Кір тасын көтеру спортына маңғыстаулықтар аса қызығушылық танытқан емес. Оны тек зілтемір, гантелдермен бірге кешенді спорт түрінде ғана қолданады. Тіпті облыста арнайы қауымдастық та жоқ, чемпионаттар да сирек өтеді. Соған қарамастан кір тасына деген сұраныс артып тұр.

Онда да сұраныстағы кір тастары жаңа болмауы керек. Кеңес кезінде шығарылған әрі онда «СССР» деген жазуы болуы тиіс. Салмағы әртүрлі: 16, 24, 32 келі. Ең бастысы – құламауы керек.

–  Жерге қисайтқанда орнына қайта тұруы керек

– Бағалары қанша?

– Мен 100 мыңға аламын.

Кір тастарын сатып алушылардың хабарландыруы ғаламтор желісінде толып тұр. Олар бір спорт жабдығы үшін екі жарым миллион теңгеге дейін ұсынады. Ақшаны қолма-қол бермек. Дәл осындай ұсыныспен олар спорт залдары мен фитнес-клубтарды да аралап жүр.

Владимир Боришполов, жаттықтырушы:

-Бізге бірнеше кір сатып алушылар келіп кетті. Негізінен құламайтын тастарды сұрайды. Жүз мың теңгеден бір миллион теңгеге дейін ақша ұсынды. Тек біздің тастар олардың талаптарына сай келген жоқ.

Ақтаулықтар кір тастарын Алматы мен Астанаға жібереміз дейді. Ал ондағы сатып алушылар тауарды қайда аттандыратынын құпия ұстап отыр. Бұл уақытта ел арасында кір тастарына деген құштарлық едәуір атқан. Тіпті тұрғындар сол үшін бір-бірінің үйіне ұрлыққа да түсіп жатыр.

Жазира Әбіл, Маңғыстау облыстық ІІД ресми өкілі:

-Жармыш ауылында 1985 жылы туған ауыл азаматының аулада тұрған кір тасы ұрланып кеткен. Бұл дерек бойынша күдікті іздестіріліп жатыр.

Кеңестік кір тастарының бір сәтте бағалы боп шыға келуінің нақты себебі белгісіз. Біреулер оның құрамында құны алтыннан қымбат палладий металы бар дейді. Алайда оны ғылыми тұрғыда зерттеп көрген ешкім жоқ. Сондықтан екінші топ бұл тек алаяқтардың әрекеті деп отыр. Себебі кезінде «Зингер» тігін машинасы мен көне тоңазтқыштарда құнды металл бар деп ел арасында дүрбелең туғаны бар болатын.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде