Назарбаев бюджет ақшасының қалай жұмсалып жатқанын тексерді
Нұрсұлтан Назарбаев бюджет ақшасының қалай жұмсалып жатқанын тексерді. Бірақ, Ақордаға шақыртылған Есеп комитеті төрағасының мәліметі президентке аса жақпады.
Автор: Ербол Сейілхан
24.02.2016
Себебі былтыр министрліктер, әкімдіктер, комитеттер мен басқа ведомстволар 1 триллионнан астам теңгені сауатты жұмсай алмаған. Сөйтіп, ірі қаржылық заңбұзушылыққа жол беріпті. Бюджет ақшасын дұрыс жоспарлай алмаған шенеуніктер әкімшілік жауапқа тартылып, 40 материал сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроға берілген. Елбасы Есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршинге қазынаның әр тиынының жұмсалауын қатаң қадағалауға пәрмен берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!