Түркияда наразылық бірдірген күрдтер оңбай таяқ жеді
Түркияда күрдтер тағы да наразылық білдіруде. Диярбақыр қаласында шоғырланған диаспора өкілдері өздерінің жүріп-тұруын шектеген коменданттық сағатты алып тастауды талап етіп, оңбай таяқ жеді.
Автор: Аруна Ортай
25.02.2016
Наразылық акцияның соңы осылай қақтығысқа ұласқан. Көшені жаппақ болған топ, тәртіп сақшыларымен тіресіп қалды. Десе де, шеруге қатысушылар алған беттерінен қайтпай, ақыры сақшылар су шашып, тіпті көзді жасаурататын газды пайдаланып қарқындарын әрең басты. Жалпы мұндай қақтығыстар соңғы кездері жиілеген. Өйткені, әскерилер осы ауданда комендантық сағат енгізіп, «Күрдістан жұмысшылар партиясының» сепаратистеріне қарсы ашық күрес жүргізіп жатыр. Күндіз-түні жалғасқан қарулы қақтығыс салдарынан қазір Диярбақыр маңындағы елді-мекендер нағыз ұрыс алаңына айналған. Бүгін де қарулы күштер сепаратистер жасырынған жерді тауып, бірнешесінің қолына кісен салды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!