{metadescription}
Мақтаулы «Тұлпар-Тальго» пойызына мінген жолаушыларды кір төсек шошытты
Мақтаулы «Тұлпар-Тальго» пойызына мінген жолаушыларды кір төсек шошытты

Мақтаулы «Тұлпар-Тальго» пойызына мінген жолаушыларды кір төсек шошытты

«Тұлпар-Тальго» пойызындағы тазалық талапқа сай келмейді. Себебі, жолаушыларға берілетін төсек жабындылары мен орамалдар мүлдем жуылмаған. Мұны өзге емес, «Қазақстан темір жолы» компаниясының білдей бір қызметкерінің өзі жарияға жар салды. «Жолаушылар тасымалы» компаниясы филиал директорының орынбасары Роза Шамсуддинованың айтуынша, тендерді жақында ұтып алған кір жуушы фирма пойыздарға кір жаймаларды жіберіпті.

Пойыздағы төсек тысының тазалық талаптарына сай келмейтінін ашық айтқан Роза Шамсуддинова кір-қожалақ қаптамаларды қолтықтай келіпті. Ол алдыңғы күні «Тұлпар-Тальго» пойызымен Алматыдан-Астанаға жол жүрген екен. Алайда онда берілген төсек жабындылары жуылмаған боп шыққан.

Роза Шамсуддинова, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалы директорының орынбасары:

-Вагонға кіріп жабындыны жайғанда жағамды ұстадым. Меніңше, төсек тысы мүлдем жуылмаған. Түсі сұрғылт тартқан, жағымсыз иісі бар.

Басқа емес, басшының көңілінен шықпаған жабындылар дәл осы жерде жуылады екен. Яғни «Тұлпар-Тальго» пойызындағы төсек тыстары мен орамалдарды жуып-тазалау «Ардагер» компаниясының мойнында. Бірақ ондағылар күнделікті жеті тонна кір-қоңды жууға қауқарсыз сыңайлы.

-Күніне қанша жайма жуасыздар?

-200..

-2 кір жуғыш машина, 2 кептіргіш ғана бар.

Аядай ғана бұл жерде кір жуатын қос құрылғы мен бес-алты адам ғана жұмыс істейді екен. Сондықтан олар әзірге күнделікті екі жүз қаптама төсек жабындысын жуып тазалауда. Бірақ соның өзі сапасыз жуылып, қыртыстары жазылмаған болып шықты.

-«Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойызындағы төсек жаймаларын жуумен айналысатын бұл компания тендерді жақында ғана жеңіп алған. Сондықтан қанатын әлі кеңге жайып үлгермеген. Тиісінше мұнда қажетті құрылғылар да жоқтың қасы. Сондықтан олар жуылған кір-қоңды күннің көзіне шығарып тым қарапайым тәсілмен кептіруде.

Алайда «Жолаушылар тасымалы» компаниясындағылар өз әріптестерінің бұл әрекетін түсінбей әлек. Айтуларынша, Роза Шамсуддинова денсаулығына байланысты уақытша демалыс алған екен. Сондықтан оның кір жуатын компнияларды тексеруге ешқандай құқығы жоқ дейді.

Данияр Айқынбаев, «Жолаушылар тасымалы» АҚ сатып алу және жабдықтау жөніндегі атқарушы директоры :

-Ол кісі қазір ауырып жатыр. Жұмыс істей алмаймын дейді. Біріншіден ол келісім-шарттағы міндеттерді орындап жатыр. Ешқандай сұрақ туындап жатқан жоқ «Ардагер» компаниясында. Тендер нәтижелерін құқық қорғау органдары тексеріп шықты.

Десе де алған бетінен қайтпаған Роза Шамсуддинова енді көлік прокуратурасына шағым түсірмек. Яғни ол арнайы коммиссия құрып, жолаушыларға берілетін төсек жабындыларының қандай жағдайда жуылатынын тексеруді талап етемін дейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.