Германия соғыста тұтқын болған ардагерлерге қомақты өтемақы төлемек
Жетпіс жылдан кейінгі жарылқау! Германия соғыста тұтқын болған қазақстандықтың әрқайсысына 1 миллион теңгеден өтемақы бермек.
Автор: Ербол Сейілхан
31.03.2016
Бұл соманы 1941-1945 жылдары фашистердің тұтқынында болған отандастарымыз ала алады. Әлеуметтік даму министрлігіне бұл жайлы хабар Сыртқы істер министрлігінен келген. Алайда, 2,5 мың еуро яғни 1 миллион теңгеге қол жеткізу үшін ардагерлер тұтқында болғанын құжатпен дәлелдеуі тиіс. Қазір облыстық әкімдіктерге соғыс ардагерлеріне сауалнама толтырып өтініш жазуға көмектесу тапсырылған. Себебі, арыз бірден Германияға жіберілмек. Арыз 2017 жылдың 30-шы қыркүйегіне дейін қабылданады. Жалпы тұтқынға түсіп, азап шеккен ардагерлер санын да сол жергілікті әкімдіктер анықтауы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!