Жамбыл облысында жүк көлігі веложарыстан Қазақстанның чемпиондарын қағып өлтірді
Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты. Екі велошабандозды жүк көлігі қағып кетіп, біреуі оқиға орнында жан тапсырды. Ал ауыр жарақат алған екінші спортшы хал үстінде жатыр. Екеуі де веложарыстан Қазақстанның чемпиондары. Қазір апатқа кінәлі деп танылған жүргізуші тергеліп жатқанымен, әзірге сұмдық жағдайға нақты кім себепкер болғаны беймәлім.
Автор: Руслан Әбдіхалық
22.04.2016
Жол апаты таңғы сағат он шамасында болды. Екі велошабандозды жүк көлігі басып өткен. Біреуі сол жерде тіл тартпай кетсе, екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр. Соққының қатты болғанын велеосипедтің күл паршасы шыққанан байқауға болады. Белгілісі, спортшылар ЗИЛ мен Камаздың алдында келе жатқан. Кенеттен «Зил» екеуін басып озу үшін қарсы бетке шығып кеткен. Сол сәтте артында келе жатқан «Камаз» тас жолға табандай алмай екі шабандозды қағып өтіпті.
Зилдың жүргізушісі:
-Қаладан бері келе жаттыңыз ба?
-Иә.
-Олар қайда келе жатыр еді?
-Жолдың ортасында келе жатқан.
-Екі велоспедшіні көрдім, озып кетті.
Камаз жоғары жылдамдықпен жүйіткісе керек. Өйткені тас жолдан шығып кеткен көлік 200 метр жердегі батпаққа батып әзер тоқтаған. Апатқа ұшыраған екі азамат веложарыстан Қазақстанның чемпиондары. Олар жуырда ғана Қызылордадағы жарыстан жеңіспен орлаған екен. Бүгін дене қыздыру үшін жолға шыққан кезде апатқа ұшыраған. Ал жаттықтырушының айтуынша, екі-ақ адамды арнайы көлікпен қарап жүруге міндетті емес екен. Бірақ сонда да соңынан ілестім деп ақталып әлек.
Анатолий Головин, жаттықтырушы:
-Екеуінің жасы 18- де еді. Спорт шеберлері. Болашағынан үлкен үміт күттірген. Олар жолға бізден бұрын шығып кетіп, біз артында келе жатқанбыз. Бірақ жарты жолда доңғалақ жарылып, соны жөндетуге бұрылып кеттік. Сол екі арада осындай жағдай болып отыр.
Жантүршігерлік апаттан тірі қалған Әбілхайыр Көшербаевтың қабырғалары мен қолы сынған. Сондай-ақ, миына қатты зақым келіпті. Ал, 36 жастағы «Камаз» жүргізушісі ішкі істер бөлімінде тергелуде. Әзірге апатқа нақты кім кінәлі екені белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!