{metadescription}
Семейде «аталарымыз фашизмді жеңді, ал біз дағдарысты жеңеміз» деген жарнама  жұрттың ызасын тудырды
Семейде «аталарымыз фашизмді жеңді, ал біз дағдарысты жеңеміз» деген жарнама  жұрттың ызасын тудырды

Семейде «аталарымыз фашизмді жеңді, ал біз дағдарысты жеңеміз» деген жарнама жұрттың ызасын тудырды

Семейде билбордтағы «аталарымыз фашизмді жеңді, ал біз дағдарысты жеңеміз» деген ұран тұрғындардың ызасын тудырды. Әсіресе, соғыс ардагерлері сұрапыл жылдарды дағдарыспен салыстырғандарға реніштерін білдіруде. Қисынсыз теңеуі былай тұрсын, автор тіл туралы заңды аяқасты етіп, ұранын тек орысша жазуды ғана ұйғарыпты.

Қалың бұқараның ашуын келтірген баннер осыдан екі күн бұрын ілінген. Оны ғаламторға жүктеп те талқыға салуда. Бірі бұл надандық десе, енді бірі ардагерлерді мазақ қылу деп топшылаған. Тіпті «экономикалық дағдарысты жеңу үшін кіммен соғысу керек?» деген мысқыл сұрақтар да қойылыпты.

Ғалия Жарлығапова, Семей қаласының тұрғыны:

-Фашизм ол идеология ғой. Идеология мен дағдарыс екеуін бір- бірімен салыстыру миға симайтын сияқты.

Әсіресе, қан майданды көрген ардагерлер реніштерін білдіруде. Петр Коломен 17 жасында әскер қатарына алынып, Минскіні азат етуге қатысқан. Ақыры, жеңісті Германия жерінде қарсы алады. Кеудесін оққа тосқан қария соғысты дағдарыспен тең көргендерді ақымақ деп отыр.

Петр Коломен, соғыс ардагері:

-Мынаны  жасаған адам сауатсыз. Ол соғыста болған жоқ. Сондықтан онда төгілген қанды білмейді. Оған әкеп дағдарысты теңеп отыр. Ал бұл экономикалық жағдайда ешкім бір-бірін атпайды ғой. Асыра сілтеп жазбас бұрын ойлану керек.

Ұлы жеңіс пен дағдарысты жеңуді қатар қойған жарнама агенттігінің басшысы халық дұрыс түсінбеді деп ақталып әлек. Осы баннер арқылы соғыс жылдарындағы ерлікті жұрттың есіне салмақ болыпты.

Владислав Приведенный,  жарнама агентігінің директоры:

-Басты мақсатымыз халықтың назарын аудару еді. Ата- әжелеріміздің ерлігін еш нәрсемен салыстыруға келмейтінін осылай жеткізбек болдық. Бірақ оны дұрыс түсінбеді.

Бір қызығы, неше күннен бері жұрт жұмылып сынаған баннерге қалалық әкімдік тапсырыс та, рұқсат та бермепті. Оның идеясынан бұрын тілге қатысты заңдылық та сақталмаған. Енді саясат бөліміндегілер «орысша баннерге тілдерді дамыту бөлімі шара қолданады» дейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.