Америка түрмесінде отырған Азамат Тәжияқов елге оралуға дайындалып жатыр
Америкада «терроризм» бабымен сотталған студент жақсы тәртібі үшін мерзімінен бұрын бостандыққа жіберілмек.
Автор: Аруна Ортай
06.05.2016
Шетелде 3 жарым жылға сотталған студент осы айдың 19-ы күні түрмеден босап шығады. Одан кейін уақытша ұстау абақтысында депортация туралы шешімді күтуі керек. Әзірге ол Кентукки штатында. Әкесі Әмір Исмағұловтың айтуынша, жерлесіміз абақтыда футболдан жаттықтырушы болып, әрі сотталғандарға математикадан сабақ беріпті. Тәжияқов туыстармен соңғы мәрте былтыр кездескен екен. Десе де, үлгілі тәртібін ескерген түрме басшылығы оған күнделікті үйіне қоңырау шалуға рұқсат етіпті. Азамат Тәжаяқов пен тағы бір жерлесіміз Диас Қадырбаевқа екі жыл бұрын ағайынды лаңкестер Царнаевтарға қол ұшын созды деген айып тағылғанын айта кетейік. Бостондағы сол жарылыстан 4 адам қаза тауып, 300-ге жуығы жараланған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!