Петропавлда жолаушыларына есірткі сатқан жүргізуші ұсталды
Петропавлда жолаушыларына есірткі сатып жүрген қоғамдық көліктің жүргізушісі ұсталды. Ол буып түйілген героинді клиенттеріне жолақыдан артылған ақшамен бірге, алақандарына жасырын қыстырып отырған.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
26.05.2016
39 жастағы жүргізушіні күні бойы аңдыған тәртіп сақшылары оны соңғы аялдамада жолаушылардың көзінше ұстады. Күдіктіге өзін клиент ретінде таныстырған тәртіп сақшысына бір жарым грамм героин сатқан. Өзі бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған екен. Әрі нашақор ретінде наркодиспансерде есепте тұр. Қазір тергеушілер мұндай адамды қоғамдық көлік жүргіушісі етіп жұмысқа алған автопарк басшыларын да тексеріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!