Семейді ақ мамық басып, жұрттың ауруы асқынды
Семейдің орталық көшелері теректен ұшқан ақ мамыққа оранды. Енді табиғаттың бұл құбылысы аллергиясы бар тұрғындардың мазасын қашыруда. Көбінің аурулары асқынып, жұмысқа шығудан қалды. Тіпті медициналық бетперде де көмектеспейді екен. Биыл теректен шашылған ұлпаның осыншама көп болуы бұталардың дер кезінде кесілмеуімен байланысты болып тұр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
30.05.2016
Теректердің ұлпасынан жүйке- жүйем шымырлап, жанарымман жас парлайды дегендердің бірі Екатерина Гуляева. Тіпті, бетперде киіп, тиісті ем-дом қабылдаса да тыныс алу жолдары қабынып кетіпті.
Екатерина Гуляева, Семей қаласының тұрғыны:
-Менде мамықтан аллергия есейген шағымда басталды.Қателеспесем осыдан 20 жыл бұрын. Содан, бері көктемнің соңғы күндері түшкіріп, көзімнен жас тоқтамай ауырып қаламын.
Бүгінде, қаланың орталық көшелерін ақ мамық басып жатыр. Теректер көмеркеген жолдарға жақын тұратын жұрттан маза қашып отыр. Олар осы ақұлпаның кесірінен үйлерінің терезесін ашудан қалған. Ал енді біреуінің ауруы ақынып, жұмысқа баруға мұршасы келмей жатыр.
Аслан Нұрланов, Семей қаласының тұрғыны:
-Жұмысқа баратын кезде мазам қашады. Мамық бетіме ұшып көзіме түсіп түшкірте береді. Одан кейін, жұмысымды тиянақты атқаруға мүмкіндік болмайды.
Бірақ, дәрігерлер мамықтан аллергия болмайды деген пікірде. Себебі осы мезгілде өзге де өсімдіктердің тозаңдары ауаға бөлініп, теректің ұлпасымен қоса тарайды екен.
Елена Сагиева, аллерголог-дәрігер:
-Дәрігерге қаралған дұрыс. Бірінші аллергия қоздырғышты анықтау керек. Одан кейін ғана ем-дом жасалады. Ал, мамықтан адамда аллергия болмайды. Бұл мезгілде көзілдірік тағып бетперде киіп жүрген дұрыс.
Мамық шашса да теректердің ауа тазартуда үлесі үлкен дейді мамандар. Ұлпаның жылдағыдан көп болуы биыл ағаштардың дер кезінде күзелмеуі себеп екен. Ал семейліктер болса, осы ескі ағаштардың орнына аққайың және емен көшеттерін отырғызуды ұсынып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!