{metadescription}
Ақтөбеде содырлар қолынан қаза тапқан сарбазда бронежилет болған
Ақтөбеде содырлар қолынан қаза тапқан сарбазда бронежилет болған

Ақтөбеде содырлар қолынан қаза тапқан сарбазда бронежилет болған

Бүгін Оңтүстік Қазақстанда да дәл осы лаңкестердің қолынан өлген тағы бір сарбаз Досбол Сапарды соңғы сапарға шығарып салды. Қатардағы жауынгермен қоштасуға туған жері Шардараға қаруластары мен Ұлттық гвардияның басшылары келді. Отан алдындағы борышын жарты жыл ғана атқарған боздақтың жасы небәрі 19-да болатын.

Әкесі тұңғышы Досболдың маңдайынан соңғы мәрте сипап ақтық сапарға шығарып салды. Лаңкестік шабуыл кезінде оққа ұшқан Досбол Сапармен қоштасуға таңертеңнен бері жүздеген адам ағылуда. Жаназаға 300 шақырымдық жерден облыс әкімі орынбасарларымен жетсе, Астанадан арнайы келген генералдар да осында. Ал жауынгердің денесін Ақтөбеден әкелген басшылығы Досболдың қандай жағдайда көз жұмғанын айтып берді.

Әлішер Әбдірәсіл, « Батыс» өңірлік қолбасшылығының басқарма бастығы:

-Қатардағы жауынгер Сапар сол күні әскери патрульдік топ қызметінде болған. Тәртіп бойынша 2 жауынгер болады. Үстерінде бронежилет киіледі. Беті  мен аяқ аяғына оқ тиген.

Досболдың денесі өзі тұрған Көксу ауылының іргесіндегі қорымға жерленді. Мұнда жауынгерлер ерлікпен қаза тапқан қаруласы үшін әскери дәстүрмен құрмет білдірді. Марқұм үй ішімен бір апта бұрын ғана сөйлескен екен.

Еркінбек Әбдіқадіров, марқұмның әкесі:

-Бұндай жағдайды күткен жоқпыз. Ауруханада жатыр деп келдік қой .

Қазір, Ақтөбедегі №6655 әскери бөлімінде жарақат алған тағы бір оңтүстікқазақстандық сарбаз емделіп жатыр. Бірнеше жеріне оқ тиген 22 жастағы Сырым Сүндетов есін жиған соң Шымкентке жөнелтілетін болды. Ол да Досболмен былтыр қыста ғана әскерге барған.

Отан қорғап жүріп небәрі 19 жасында шейіт болған Досбол Сапардың отбасына көңіл айтып келіп жатқандардың қарасы азаяр емес. Енді Шардара ауданының жұрты 40 күн аза тұтады. Ал марқұмның туыстарына барлық көмекті көрсетеміз деп сендірген өңір басшылары батырдың есімін өзі тұрған көшеге немесе ауыл мектебіне беру мәселесін қарастырып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде