{metadescription}
Ішкі Істер министрі Ақтөбедегі атыс кезінде полицейлердің жіберген қателігін айтты
Ішкі Істер министрі Ақтөбедегі атыс кезінде полицейлердің жіберген қателігін айтты

Ішкі Істер министрі Ақтөбедегі атыс кезінде полицейлердің жіберген қателігін айтты

Ақтөбелік террористерді Сириядан отырып басқарған. Ал қару алып, көшеге шыққан содырлардың саны бастапқыда 45 болыпты. Бүгін қанды қырғынға қатысты жаңа деректерімен бөліскен, Ішкі Істер министрі 17 мен 50 жас аралығындағы лаңкестердің Ақтөбенің күлін көкке ұшырмақ болғанын мәлімдеді. Яғни, «сириялық имамның» уағызын тыңдап, жиһадқа шыққан радикалдар күш құрылымдары мен түрмелерді басып алып, мұнайлы  қаланы кішігірім халифатқа айналдырмақ болған.

-Сонымен бір уақытта отбасыларынан безіп, ұшты-күйлі жоғалған 45 содыр Ақтөбенің қақ ортасындағы пәтерге жиналып жиһадқа әзірленген. Жетекшілері туыстарымен сөйлесуге тыйым салып барлығына ұялы телефондарын сол баспанаға қалдыртыпты. Алайда күтпеген жерден  20 әсіредіншіл үйден шыға бере, «қасиетті соғысқа» қатысудан бас тартып, бөлініп кеткен.

Араларынан жік шыққан тағы 3-уі жолшыбай, ажалдан қорыққан тағы бірі қару-жарақ дүкеніне кірмей қаша жөнеліпті.Қалған 25-і ішке баса-көктеп кіріп, жолына кедергі болғандарға оқты қарша боратқан. Екі бірдей қару-жарақ дүкенін тонап кейін автобуспен әскери бөлімге басып кірген радикалдар мұнда да камераға түсіп қалған. Осы бақылау камерасының көмегімен қанды қылмыстың бетін ашқан полиция террористердің жиһад жасауға тапсырманы Сириядан алғанын айтып отыр.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі Істер министрі:

-45 адам пәтерде отырып Сириялық имамның аудиотаспаға жазылған үндеуін тыңдаған. Сол идеолог жиһадты тап 5-ші маусым күні жасауды бұйырыпты. Уағыздан соң содырлар бірден «қасиетті соғысқа» шыққан.

Рамазан айында қасиетті соғысқа шыққандардың 18-нің көзі жойылды. 9-ы тірідей тұтқындалған. Қолға түскендердің 12-і бұған дейін адам өлтіріп, кісі тонап,түрмеге отырып шыққан екен. Ішінде 2011-ші жылы Ақтөбедегі облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі жарылысқа қатысы бар деп танылып, 3  жыл жазасын өтеп шыққан жігіт те бар. 3 әскери мен 5 бейбіт тұрғынды жер жастандырып, елді дүрліктірген лаңкестермен тәртіп сақшылары тура 7 күн бойы атысты. Енді осы операция кезінде олқылық жіберген лауазымды шенділер де жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі Істер министрі:

-Өз ішімізде жиналыс өткізіп, кімдердің кемшілік жібергенін анықтаймыз. Ішкі Істер министрлігінің кейбір құрылымдарына, соның ішінде патрульды полицияның қызметіне қатысты сұрақ көп. Оларға қандай шара қолданғанымызды, кейін  айтамыз.

Ақтөбені қанға бөктіріп, Қазақстанда халифат орнатқысы келетіндердің салафиттер екенін президенттің өзі мәлімдеген. Сақал қойып, балақ кескендердің жат ағымына енді заңмен тыйым салынбақ. Қазір елімізде осы теріс бағытты ұстанатын 15 мыңнан астам адам бар.

Мұнайлы қаланың берекесін қашырған лаңкестік бойынша, 25-тен астам қылмыстық іс қозғалған. Қазір тірідей қолға түскен радикалдармен қатар жиһад жасаудан бас тартқан олардың сыбайластары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушілеріне жауап беріп жатыр. Ал арнайы операцияны Астанада отырып бақылаған Ішкі Істер министрі ішкі көші-қон мен адамдарды үсті-үстіне тіркеп пәтерін жалға беретіндермен де күресті күшейтпек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.