{metadescription}
Оңтүстікте шегірткенің қаптауын табиғатқа жауып келген шенеуніктер енді шын кінәлілерді атай бастады
Оңтүстікте шегірткенің қаптауын табиғатқа жауып келген шенеуніктер енді шын кінәлілерді атай бастады

Оңтүстікте шегірткенің қаптауын табиғатқа жауып келген шенеуніктер енді шын кінәлілерді атай бастады

Шегірткенің қаптауын осы кезге дейін табиғатқа жауып келген шенеуніктер енді шын кінәлілерді атай бастады. Зиянкестердің жаппай көбеюіне Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандарының мыңдаған гектар жерлерді өңдеу жоспарына кіргізбегені себеп болыпты. Шымкенттің шенділері бар ақшаны ұқсата алмады деп, кінәні өздеріне артқан министрлікке бүгін осылай жауап қайтарды.

Сапарбек Тұяқбай, ОҚО әкімінің орынбасары:

-Әзірге мына комиссияның алдын-ала растаған деректеріне сәйкес 40 мың гектарға қателескен. 40 мың гектар қамтылмаған болжам кезінде шегіртке шығуы мүмкін деген. Өңделмеген жерден шығып отыр біразы.  Шардара, Сарыағаш, Арыста 5 мамырдан  бастап бұл күшейе бастады. Ол кезде де ескерту берілді. Бірақ, химиялық өңдеу инспекция тарапынан өкінішке орай 17 мамырдан  кейін басталған.

Алқаптарға дәрі шашу кеш басталғанын айтпағанда жұмыс та атүсті атқарылған екен. Шегірткемен күресу жұмыстарын жеңіп алған мердігерлердің мүмкіндігі жетпеген. Ескі-құсқы техникамен өңдеп жүрген олардың артынан тексерушілер де болмапты. Мыңдаған гектар жер өңделмей қалғанын енді арнайы құрылған комиссия анықтап отыр. Салдарынан күнгейдің 3 ауданында қарбыз еккен шаруалардың еңбегі зиянкестердің жеміне айналды. Осы күнге дейін шығын мардымсыз деп келген атқамінерлер енді кінәлілерді жауапқа тартамыз дейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.