{metadescription}
Байбекке сеніңкірей қоймаған Мәсімов арықтардың қалай тазартылғанын өзі бақылап қайтпақ
Байбекке сеніңкірей қоймаған Мәсімов арықтардың қалай тазартылғанын өзі бақылап қайтпақ

Байбекке сеніңкірей қоймаған Мәсімов арықтардың қалай тазартылғанын өзі бақылап қайтпақ

Әңгімесі Үкіметке дейін жеткен Алматы өзендерінің арнасы жөнделе бастады. Әр жаңбыр сайын қаланың су астында қалуы - мәселені мықтап қолға алуға түрткі болған. Бюджеттен бұл үшін бақандай 1 млрд 200 млн теңге бөлініпті. Бірақ оған небәрі 8 шақырым жер жөнделмек. Ал Алматы өзендерінің жалпы ұзындығы 300 шақырымнан асады, оның 30 шақырымы аса қауіпті деп танылған. Соған қарағанда, алматылықтар әлі біраз жыл жаңбыр суын тізеден кешіп жүретін сыңайлы.

Есентай және Қарасу өзендерінің бойында кешегі жауынның салдарын жою үшін емес, алда болуы мүмкін тасқынның алдын алу үшін жұмыс жүргізілуде. Қаланың төменгі бөлігіндегі осы аймақтар қазір ең қауіпті деп танылған. Себебі арнасынан асатын өзен ғана емес, жер асты сулары да бар.

Владимир Шленских, Алматы қаласының тұрғыны:

-Біздің айналамыздағы 6 үй сайда орналасқан. Жаңбыр жауса, көршілеріміз бақшасын суғарса үйіміз суға толып кетеді. Жер асты суларының кетер жері жоқ, Себебі осыдан 9 жыл бұрын өзен арнасын көтеріп тастаған. Біз соның зардабын тарттық.  

Қазір аталған аймақтардағы өзен жағалаулары тас толтырылған темір торлармен бекітіліп, арнасы тазартылып жатыр. Бірақ одан келер пайда шамалы дейді тұрғындардың өздері.

Надежда Гилева, Алматы қаласының тұрғыны:

-Жаңбыр жаса бір уайым. Өзен көтерілсе, ұйқы жоқ. Жағалауды мынадай тастармен бекіткені дұрыс емес. Оның ортасынан су өтіп кетеді. Бетондау қажет.

Алматы аумағынан 320 шақырымға созылатын 28 өзен өтеді. Оның тек үштен бірінің жағалауы нығайтылған. Биыл Есентай мен Қарасу өзендерінің 8 шақырымын жөндеуге 1 млрд 200 млн теңге бөлініпті. Қалғаны қашан жөнделетіні тағы белгісіз.

 Айдын Темешов, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

-90 км барлығында жұмыс жасау деген қағида жоқ. Қауіпті-қауіпті жерлер бар, 30 км жерді құрайды. Оның қай жерде екендігі белгіленген.  Өзеннің бойы, арнасы тереңдетіліп, шет-шеті нығайтылады. Және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

Жаңбырдан кейін міндетті түрде тізеден су кешетін Алматының жайы өткен аптада Үкіметте қозғалып, премьер-министр әкімге ескерту жасаған. Араға апта салып Мәсімов жағдайдың оңалмағанын Байбектің тағы бетіне басты.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі :

-Арыки вроде так не очищены, опять водой залило. Что скажете?

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі

-Проблема была, есть и будет,  мы сейчас ее решаем. В целом по городу ситуацию мы держим под контролем.

Бақылауда деген жағдайды өзім көрем деген Мәсімов Алматыға әлі жете алмай жүр екен. Дегенмен, алдағы күндері міндетті түрде келіп, өзен аңғарларын жаяу аралаймыз деді тағы.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

-Мы походим с вами, когда приеду, ногами с вами походим по арыкам. Вы предварительно пройдите, перед тем как я приеду. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде