Назарбаев дінге тікелей жауапты Мәдениет министрін жұмыс кабинетіне шақыртты
Жат ағымның жетегінде жүрген жастардың сойқанынан кейін бүгін президент дінге тікелей жауапты Мәдениет министрін жұмыс кабинетіне шақыртты. Ақордаға алқынып жеткен Арыстанбек Мұхамедиұлы дінге қатысты заңның бастан-аяқ қайта жазылып жатқанын мәлімдеді.
Автор: Ербол Сейілхан
20.07.2016
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
-Сіздің дінге қатысты нақты тапсырмалар қойдыңыз. Органдармен бірлесіп заңға өзгеріс енгізуге ұсыныс білдіріп отырмыз.
Енді еліміздегі діни ұйымдар тегіс тексеріліп, радикалды ағымдарға қарсы идеологиялық күрес күшейтіледі. Діни кітаптардың мазмұны сараптамадан қайта өтіп, шетел асып келетін оқулықтардың таратылуына тыйым салынбақ. Тіпті қажылыққа баратындар қатаң бақылауға алынады. Діннен бөлек, тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Рио Олимпидасына жауапты Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасыға бұл ауқымды шараларға дайындық барысын да айтып берді. Бұдан соң президентке Ауыл шаруашылығы министрі кіріп, егін ору науқанына әзірлік жайын баяндады. Сандарға толы есебін қағазға қарамай жатқа соққан Асқар Мырзахметов шаруаларды арзан жанармаймен жарылқауға уәде етті. Оның үстіне диқандарға биыл жеңілдетілген пайызбен 60 миллиард теңге таратылған екен.
Асқар Мырзахметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
-Көктемгі дала жұмыстары сол уақытысында атқарылады. Егіннің шығымы жақсы. Биыл жақсы өнім алуымыз керек. Биыл жалпы көлемі 21,6 миллион гектарға дақыл себілді. Оның 15 миллионы дәнді дақылдар, 12 миллион гектар жерге бидай егілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!