{metadescription}
Үкіметте  Тасмағамбетов үш тілділік пен денсаулық сақтау саласындағы даулы мәселелерді шешумен айналыспақ
Үкіметте  Тасмағамбетов үш тілділік пен денсаулық сақтау саласындағы даулы мәселелерді шешумен айналыспақ

Үкіметте Тасмағамбетов үш тілділік пен денсаулық сақтау саласындағы даулы мәселелерді шешумен айналыспақ

Ескі де жаңа Үкімет іске кірісті. Шенеуніктердің көбі орнында қалған, тек Қорғаныс пен Әділет министрлерінің ауысқаныболмаса. Өз командасын жинақтағанда Бақытжан Сағынтаев орынбасарларына ерекше мән берген сынды. Соңғы екі жылдан бері еліміздің қорғанысына жауапты болған Иманғали Тасмағамбетов бүгіннен бастап вице-премьер. Тағы бір өзгеріс, Мемлекеттік қызмет істері таратылып, Дін істері және азамттық қоғам деп аталатын жаңа министрлік құрылды.

Бұл 9-шы премьер Бақытжан Сағынтаев жасақтаған 9-шы Министрлер кабинеті. Жаңа премьер үкімет мүшелерінің орынын аз-кем ауыстырып, тізімді Ақордаға жіберген.Нұрсұлтан Назарбаев ұзақ ұстамай, ұсынысты бірден қолдапты. Сонымен,мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін Сағынтаевқа Иманғали Тасмағамбетов көмектесетін болды. Бүгіннен бастап бұрынғы орғаныс министрі  енді вице-премьер.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрлігінде табысты жұмыс істеді. Тапсырмаларымды нақты, тыңғылықты орындады. Менің жарлығыммен енді премьер министрдің орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметті де әдеттегідей абыроймен атқарады деп сенемін.

Тасмағамбетов үшін бұл қызмет тансық емес. Ол бұған дейін де бірнеше рет премьердің орынбасары болды, тіпті Үкіметті басқары. Сондықтан Иманғали Нұрғалиұлы Министрлер кабинетімен жұмыс істеудің ішкі тәртібін жақсы біледі. 60 жастағы шенеунік соңғы екі жылдан бері Қорғаныс министрі болған соң жиі көріне бермейтін. Енді вице-премьер ретінде білім, денсаулық сынды әлеуметтік салаға тікелей жауапты. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Дариға Назарбаева Сенат депутаты болды. Ал Қорғаныс министрі болып Сәкен Жасұзақов тағайындалды.Генерал-полковник бүгінге дейін Тасмағамбетовтың орынбасары болған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Сәкен Жасұзақовтың Қорғаныс министрі болуға сай келетін білімі бар.Тәжірибесі мол, Ауғанстанда әскери қызмет еткен. Ол да алдына қойылғанміндеттерді сапалы орындайды деп сенемін.

Тағы бір жаңалық Дін істері және азаматтық қоғам деп аталатын жаңа министрлік пайда болды. Бұл ведомство соңғы кезде дін атын жамылып, ел ішіде бүлік салған лаңкестердің көбейіп кетуіне байланысты құрылса керек. Оған Қауіпсіздіккеңесінің хатшысы болған Нұрлан Ермекбаев жетекшілік етеді. Ауыл шаруашылығыминистрі Асқар Мырзахметов бұрынғыдай вице-премьерқызметін қатар алып жүреді.Сағынтаевтың бірінші орынбасары - «Қазақстан темір жолы» ұлттықкомпаниясының экс-төрағасы Асқар Мамин. Министрлерге келсек, аса өзгеріс жоқ.Тек Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. Оның орнын Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасыры, 39 жастағы Марат Бекетаев басты. Қалған министрлер өз орнын сақтап қалған.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

-Бүгін жаңадан тағайындалған Үкіметтің алғашқы отырысы. Өздеріңізге мәлім,Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жарлықтарымен Үкіметтің жаңа құрамынбекітті. Көріп отырғандай көп кадрлық өзгерістер болған жоқ.

Осылайшақайта жасақталған ескі де жаңа үкіметтің ең жас мүшесі 36- дағы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, ал ең егдесі 58 жастағы Сыртқы істерминистрі Ерлан Ыдырысов. Ал, шенеуніктер арасындағы жемқорлықпен Қайрат Қожамжаров күреседі. Бұдан былай ол қайта құрылған Мемлекеттік қызмет істеріжәне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы. Өйткені Мемлекеттік қызмет істері министрлігі бір жыл өтпей таратылып отыр.

-Сағынтаевтыңкомандасы енді бір минут та тыным таппауы тиіс. Үкімет ең алдымен терроризм мен экстремизмге қарсы заңды қайта жазып, шұғыл алдағы жылдардың бюджетін нақтылап,Парламентке таныстыруы қажет. Және қысқа уақытта жұртты тұрғын үймен қамтуға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасын әзірлеуі керек. Ал іске кіріспес бұрын, жаңаҮкімет жақын күндері президент алдында ант қабылдайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде