Тентек балаларды тезге салу үшін өзге отбасының тәрбиесіне беру керек
Бүгін Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева осындай ұсыныс тастады.
Автор: Досжан Маратұлы
15.09.2016
Ол үшін жанұяны қолдау орталығын ашу қажет дейді депутат. Сол арқылы тұрмысы төмен немесе ата-анасы ішкілікке салынып қараусыз қалған баланы басқа өнегелі отбасыға уақытша беріп, тәрбиелеуге болады. Әлемде мұндай әдіс кеңінен қолданылыды екен. Тіпті, біреудің тентегін тәрбиелеуге ниет білдіретін отбасылар да жетерлік дейді Балиева. Депутат тиісті заң жобасын әзірлеуге де кірісіп кетіпті. Өйткені, елімізде бұзық жеткіншектер саны азаяр емес. Қазірдің өзінде 10 мыңнан астам бала полицейлердің тіркеуінде тұр.
Зағипа Балиев, Мәжіліс депутаты:
-Елімізде бес жарым миллион бала бар. Қаншама ата-ана солардың тәрбиесіне дұрыс көңіл бөле алмай отыр. Оның үстіне ішкілікке салынған отбасыларда 18 мың бала бар екен. Олар қандай тәрбие алып жатыр?
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!