{metadescription}
Дін істері министрінің мешіттерде уағыз орыс тілінде де,  оқылсын деген бастамасы дауға айналды
Дін істері министрінің мешіттерде уағыз орыс тілінде де,  оқылсын деген бастамасы дауға айналды

Дін істері министрінің мешіттерде уағыз орыс тілінде де, оқылсын деген бастамасы дауға айналды

Еліміздің мешіттерінде уағыз орыс тілінде де жүруі мүмкін. Бүгін жаңадан құрылған Дін істері және азаматтық қоғам министрі  Нұрлан Ермекбаевтың  осындай ұсыныс тастағаны сол еді, соңы дауға ұласып кетті. Ал Қазақстанға лаңкестерден төнген қауіп әлі сейілмей тұр. Өйткені халық көп жиналатын қоғамдық орындар, базар мен  сауда орындарына кез-келген сәтте лаңкестер басып кіруі  әбден мүмкін.  Жазықсыз жұрттың ажал құшып жатқанына қарамастан, ғимараттардың бірде бірі жөнді қорғалмаған екен.

Ақтөбе мен Алматыдағы содырлардың сойқаны  күш құрылымдарын да, Үкіметті де қалың ұйқысынан оятқандай. Тіпті ахуал тым күрделеніп кеткен соң елімізде  жақында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылған еді. Бүгін осы су жаңа ведомствоның басшысы ауқымды реформасымен таныстырып, қызды-қыздымен нағыз қазақ тілді орта – мешіттерді орысшалаймын деп салды. Сөйтіп,Алла үйлерінде  жамағатқа уағызды орысша айтуды да міндеттемекші.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

-Имамдар қазақша, арабша оқып жатқан уағыздарды түсінбейді. Тек қана қала  тұрғындары  емес, ауылда тұрып жатқан қазақтар да түсінбейді. Өйткені, дін тілі мен тұрмыстық тіл екі бөлек. Тек қана қазақтар емес қой, басқа ұлттың өкілдері де исламды үйренгісі келеді. Мешіттерде біз түсінетін тілде жеткізбейді ондай білімді?

Басқа ұлттың қамын ойлаған Ермекбаев имамдардың сауатына да күмән келтіріп отыр. Алайда  шенеуніктің бастамасы көпшілікке жақпай соңы дауға ұласты.  Бұл идеяға ең бірінші боп қарсылық танытқан Мұхтар Тайжан жастардың теріс ағымға қосылуына имамдар емес, кедейшілік пен жұмыссыздық себеп екенін алға тартып, Дін істері министрінің өзін  сынға алды.

Мұхтар Тайжан, қоғам белсендісі:

-Менің ойымша, идеологияны  тек орыс тілінде айтып жүрсеңіз бүгінгі жастар сізді түсінбейді. Өйткені жастардың көбі бүгін қазақ тілді. Сондықтан мынау мешіттерде уағыз орысша болу керек дегеніңізді мен қолдамаймын. Өйткені мешіттегі жамағаттың 99 пайызы қазақ болып тұр.

Уағыздың «тіліне» қатысты келіспеушілік қатты тартысқа айналарын сезді ме, Мәжіліс төрағасы әңгімені негізгі тақырыпқа аударып жіберді. Бұлай дейтініміз қалыптасқан ахуал шынымен кісі шошырлық екен. Соңғы бес жыл ішінде облыс орталықтары мен қалаларда  64 ірі терактінің алды алынып, 500- дей адам экстремизмі  үшін түрмелерде жазасын өтеп жатыр. Бірақ, бір қорқыныштысы еліміздегі мыңдаған ғимаратқа кез-келген сәтте террористер басып кіруі мүмкін. Өйткені, ірі нысандар, халық көп жиналатын жерлер – базар мен сауда орындары, стадион, концерт залдары жөнді қорғалмаған. Қатер төнсе, жеке күзетшілері  қаруларын тастай қашуға әзір. Сондықтан оның қожайындарына жауапкершілікті күшейту жайы заң жобасында анық көрсетілмек. 

Нұрлан Нығматуллин, Мәжіліс төрағасы:

-Терроризм мен экстремизм жыл сайын өте қауіпті мәселеге айналып барады. Бұл тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлемдегі проблема. Сондықтан терроризмге қарсы күресті күшейту бойынша, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев нақты тапсырмалар беріп, оның орындалу жолдарын да көрсетті.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін Сирияда лаңкестердің сапында  жүрген жүздеген отандасымыз нағыз бас ауру боп тұр. Ал  Қазақстанға қайтарылғандары жазасыз қалып жатқан жоқ. Заң бойынша,  бөгде мемлекеттің аумағындағы соғысқа қатысқандар 7 жылға түрмеге жабылады.

Ал шекара кесіп, жат жерде алып империялардың геосаяси мүддесі үшін  соғысып, шейіт болып жатқан  отандастарымыз жүздеп саналады. Сондықтан Үкімет жастардың  лаңкестердің жетегінде кетпесі үшін,оларды жаппай жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Өйткені, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше,  жойқын жарылыс жасамақ боп  ұсталғандардың басым бөлігі небары 20 жастағы  өрімдей жігіттер екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде