Алматыда осы жылдың ең үздік меценаттары анықталды
«Бауыржан» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен өтетін жыл сайынғы дәстүрлі шара биыл 10 жылдығын атап өтуде.
Автор: Ербол Тұрымбет
28.10.2016
Осы шара қарсаңында ұйымдастырушылар былтырдан бері ел аумағындағы барлық қайырымдылық шараларына бақылау жасаған. Сөйтіп, бұл мақсатқа 16 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалғаны анықталды. Одан бөлек, 10 орта мектеп, 9 спорт мектебі, 5 балабақша салынып, әлеуметтік жағдайы төмен балалар мен қарттарға материалдық және қаржылай көмек көрсетілген. Биылғы байқауға 11 сала бойынша жеке және заңды тұлғалардан 181 өтініш түсіпті. Кеш барысында әр сала бойынша лауреаттар анықталып, «Алтын Жүрек» белгісімен марапатталды.
Жұлдыз Омарбекова, «Алтын Жүрек» байқауының негізін қалаушы:
-Біз жыл бойы ақпарат құралдарына сараптама жасап, балалар, қарттар үйі сынды жерлерден сұрастырып, кімнің қандай көмек көрсеткенін, кімнің қандай көлемде қайырымдылық жасағанын сұрастырып, іздеп отырамыз. Бүгінгі марапатталатын кісілерді осындай құрметке лайық деп санаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!