Жамбыл облысында биіктен құлап мүгедек болып қалған азаматқа шұғыл көмек қажет
Жамбыл облысында 28 жастағы азамат биіктен құлап омыртқасын зақымдап, сол күйі жүруден қалған. Меркі ауданының тұрғыны Азамат Үйсінқұловтың төсек тартып жатуы жақындарының жанына батады. Орда бұзар жасқа келген жігіт аяғына тұрғысы келеді. Бірақ сал аурудың ем-домына қаржы жеткіліксіз.
Автор: Руслан Әбдіхалық
31.10.2016
Азамат екі жыл бұрын ауылда көлікке шөп тиеп жатқанда биіктен жерге басымен оңбай құлаған. Сөйтіп омыртқасына қатты зақым келіпті. Содан бері иықтан төмен қарай істемей, қимылсыз жатыр. Бұған дейін Қырғызстанда операция жасалғанымен, нәтижесі шамалы. Ал өздерінің дәрменсіз екенін мойындаған отандық мамандар Қытайдағы клиникаға баруға кеңес берген. Енді Азамат сонда барып қаралғысы келеді. Бірақ ем-домына 7 млн теңге қажет. Қайғылы жағдайға дейін тарих пәнінен сабақ берген апталдай жігіт қазір анасының зейнетақысына қарап отыр. Көмек қолын созам деген жомарт жандар экранда көрсетілген телефон нөміріне хабарласа алады.
Азамат Үйсінқұлов, Меркі ауданының тұрғыны:
-Ауыртпашылық анама тиіп жатыр. Үйді жинауы маған қарауы бар, тамақ пісіруі, есік алдындағы жұмыстары бар. Осының бәріне қарап менің тұрғым келеді. Тұрам деген үміттемін. Болашақта үйленіп, анама немере сүйгізгім келеді.
Қол ұшын созам деушілерге: 8777 628 55 76
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!