{metadescription}
Петропавлда «сыпайы тонаушылар»  пайда болды
Петропавлда «сыпайы тонаушылар»  пайда болды

Петропавлда «сыпайы тонаушылар» пайда болды

Сыпайы тонаушылар! Петропавлда екі нашақор зейнеткер әйелді шырт ұйқыда жатқан жерінен оятып, өздерінің оны тонауға келгенін айтыпты. Бірақ мұны естіп айқайға басқан кемпірдің басынан балғамен ұрып, ақыры үйден сатуға жарайтын дүниелерді алып кетіпті.

Зейнеткердің ұлы таңертең қақпадағы құлыпқа сеніп, үйді жаппай кеткен екен. Осыны көздері шалып қалған сыбайластар қораның үстінен секіріп мініп, аулаға, сосын үйге кірген. Бұрын олардың бірі осы үйдің қожайынына жалданып жұмыс істеген көрінеді. Олар кемпірдің басынан балғамен бір ұрып, сосын үйдің астаң-кестеңін шығарған. Алтын бұйымдар,  ақша мен азық-түлікті алған олар үйді сыртынан тіреп кетіп қалыпты.   Ұрылардың бірі отызда, екіншісі жуырда  қырыққа толған. Отбасы мен бала-шағалары  бар.

Ернар Қожабек, Петропавл қалалық ІІБ тергеушісі:

-Бұрындары ұрлық жасағандары үшін сотталған қала тұрғындары қамауға алынды. Күдіктілер нашақор ретінде тіркеуге алынған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде