{metadescription}
 Төтенше жағдай департаменті Алматыда өрттің неліктен көбейгенін  түсіндірді
 Төтенше жағдай департаменті Алматыда өрттің неліктен көбейгенін  түсіндірді

Төтенше жағдай департаменті Алматыда өрттің неліктен көбейгенін түсіндірді

Алматыда осындай оқыс оқиғалар жиілеген кезде өрт қауіпсіздігі туралы айтыла бастайды. Ал төтенше жағдай қызметкерлері жекеменшік нысандарды қалаған уақытында тексере алмайды екен. Жоспардан тыс бақылау жүргізу үшін нақты себеп болуы қажет. Ал жаңадан тіркелген ғимараттарға құтқарушылар 3 жыл бойы мүлдем аяқ баса алмайды. Сондықтан бір ғимараты күлге айналған «Алматы Тауэрсті» мамандар тек келер жылы тексермек болған.

Қоғамдық орындардағы өртке бірден-бір себеп – қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы. Бүгінде кәсіпкерлердің көбі заңмен тыйым салынған қондырғылармен жұмыс істейді. Бірақ құтқарушылар мұның бірін білсе, бірінен мүлдем бейхабар.Әсіресе, жүгенсіз кәсіпкерлер бағасы арзан газ баллонына құмар. Мәселен, жазда өртке оранған бір асхананың өзінен құтқарушылар 14 баллонды санап шығарған екен. Бірақ бұған қарамастан, мамандар жекеменшік нысандарға кез-келген уақытта алмайды. Себебі, еш негізсіз, жоспардан тыс тексеру жүргізуге заң рұқсат етпейді.

Серік Әубәкіров, Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

-Еш себепсіз жекеменшік нысандарға жоспардан тыс тексеру жүргізе алмаймыз. Тек ғимараттың қауіпсіздігі туралы шағым түссе ғана нысан жіті тексеріледі. Бірақ бұлай шағымданатындар жоқтың қасы.

Мамандар тек аумағы 1500 шаршы метрден асатын нысандарды ғана тексеруге қауқарлы. Бірақ оның өзі жылына бір рет жүргізіледі. Сондықтан, құтқарушылар көбіне ғимарат иесін өрт қауіпсіздігі ережелерінен хабардар етумен шектеледі. Ережені тиісті деңгейінде сақтап жүрген мұндай кәсіпкерлер қазір бірен-саран. Себебі, талапқа сай құрылғылардың бағасы арзан емес. Негізі әр нысанда өртке қарсы құралдар болуы шарт. Бұған қоса, көпқабатты үйдің астында орналасқан қоғамдық орындарда тек электрондық пештер қолданылуы қажет.

Дулат Ғазизов, ресторан директоры:

- Өрттің алдын-алу үшін қажетті барлық құрылғыларды сатып алдық. Ғимаратта от атымен жоқ. Тамақтар электрондық пешпен пісіріледі. Әрине, мұның бәріне қыруар қаржы кетті.

Дегенмен, қазір қоғамдық орындардың көбінде өртке қарсы жүйе атымен жоқ. Мәселен, бірер күн бұрын ғана күлге айналған «Алматы Тауэрсте» де мұндай жүйе іске қосылмаған. Бұған қоса, нысан 3 жыл бойы арнайы тексерістен өтпеген екен. Себебі, құтқарушылар заңға сәйкес  ғимаратты келер жылы ғана тексермек болған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде