{metadescription}
Мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы 28 миллион теңге парамен ұсталды
Мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы 28 миллион теңге парамен ұсталды

Мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы 28 миллион теңге парамен ұсталды

Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қыруар-қаржы да талан-таражға түсе бастады. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро еліміздегі тұрғын үй құрылысына жауапты ұлттық «Бәйтерек» холдингінің 3 лауазымды менеджерін парамен ұстады.

Қолдарына кісен салынғандардың бірі холдингтің еншілес компаниясы «Бәйтерек Development-тің» басқарма төрағасының орынбасары Аслан Жақыпов. 40 жастағы топ-менеджер Мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы. Ол «Бәйтерек Development-тің» басқарушы директорлары Бауыржан Әйтімбетов және Ғазиз Сариевпен ауыз жаласып «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қыруар қаржыны тендерден кәсіпкерлерге алып беру үшін ауысбастырық алып отырған. Топ-менеджерлердің үшеуі де кезекті 28 миллион теңгені алу сәтінде қолға түсті. Бұл ақшаға Павлодар қаласында бюджеттің 3 миллиард теңгесіне салынып жатқан 9 қабатты үйдің актісіне қол қойып бермек болған. Тергеу материалдарына қарағанда , топ-менеджерлер арзан үй салуға бөлінген қазына қаржысын осылай жүйелі түрде жымқырумен айналысыпты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде