{metadescription}
Алматыда балалар үйіндегі алапат өртке қатысты алғашқы болжам айтылды
Алматыда балалар үйіндегі алапат өртке қатысты алғашқы болжам айтылды

Алматыда балалар үйіндегі алапат өртке қатысты алғашқы болжам айтылды

Алматыда тағы алапат өрт! Бұл жолы балалар үйі қызыл жалынның құрсауында қалды. Тілсіз жау түнде ғимараттағы ойын бөлмесінен тұтанған. Оған, қосулы қалған теледидар немесе үтік себеп болған деген болжам бар. Лезде таралған өрт салдарынан нысандағы 170-тен аса адам қауіпсіз жерге шығарылған. Дегенмен, зардап шеккен 5 адам бар. Олардың төртеуі 12 жастағы жеткіншек. Қазір олар ауруханада жатыр. Ал, қалған тәрбиеленушілер балалар үйінің өзге ғимаратына көшірілген.

Шырт ұйқыда жатқан балалар өрт дабылынан шошып оянған. Сөйтсе, екінші қабаттағы ойын бөлмесінен от шығыпты. Өрт сөндірушілер келгенше жалын жоғарыға таралып, нысанның шатырына дейін жеткен.

Гүлмира Құндыбаева, №1 балалар үйінің директоры:

-Балалар ойын бөлмесі кәдімгі, ол жерде телевизор, диван, шкаф тұрған.

Құтқарушылар келгенше осындағы 161 бала мен 12 қызметкер терезе арқылы далаға шыққан. Ал мамандар өртті бір сағатқа жуық уақыттың ішінде ауыздықтады. Әп-сәтте 180 шаршы метр аумақты қызыл жалын шарпып үлгеріпті. Төтенше жағдайдан 4 тәрбиеленуші мен қызметкерлердің бірі зардап шеккен. Қазір түрлі жарақат алған жеткіншектер ауруханада ем қабылдауда.

Нұржан Исабеков, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі:

- Бір науқастың кеуде омыртқасы сынған. 3 науқастың іш құрылысының жабық жарақаты бар.

Негізі, бұл мекемеде ата-ана құқығынан айырылғандардың балалары тұрады. Қызыл жалынды өз көздерімен көрген тәрбиеленушілер түндегі жағдайдан әбден шошып қалған. Енді олармен психологтар жұмыс істемек. Қазір балалар ғимараттың өзге бөлігіне жайғасты. Ал өртеніп кеткен жерінде құтқарушылар жұмыс істеуде. Олар бөлмелерді қирандыдан тазартып жатыр.

Әзірге өрттің нақты неден шыққаны белгісіз. Дегенмен, төтенше жағдай қызметкерлері оған тоқтан ажыратылмай қалған тұрмыстық техникалар себеп болуы мүмкін деп отыр.

Сандуғаш Баймұхамбетова, Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі:

- Өрт орнында разеткаға қосылып қалған теледидар және де үтіктің өлшемдері табылған .Бірақ, материалдардың бәрі жинақталып, Ішкі Істер департаментіне жөнелтіледі.

Бағанашылдағы Алматы облыстық №1 балалар үйі бұған дейін де өрт сөндірушілердің назарына іліккен. Яғни мекемеден маусымдағы жоспарлы тексеріс кезінде 9 бірдей заң бұзушылық анықталыпты. Бірақ ескертуден кейін оның бәрі ретке келтірілген көрінеді. Ал түндегі оқыс оқиғаның нақты себебі сараптамадан кейін мәлім болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде