{metadescription}
Тұрғындар доллардан жаппай құтыла бастады
Тұрғындар доллардан жаппай құтыла бастады

Тұрғындар доллардан жаппай құтыла бастады

Теңге тағы да нығая түсуі мүмкін. Сарапшылар жыл соңына қарай ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы біраз күшейеді деп болжайды.

Себебі, желтоқсан айында теңгеге сұраныс артады екен. Яғни ірілі-ұсақты компаниялар жыл соңында салық төлеу үшін жаппай долларларын сатуға мәжбүр болады. Сондықтан АҚШ ақшасы арзандайды деп күтілуде. Бұдан бөлек сарапшылар мұнай құны да қымбаттауы мүмкін деген пікірде. Себебі, осы айдың соңында ОПЕК-ке мүше елдердің кеңесі өтеді. Сол жиында ірі мұнай өндіруші мемлекеттер келер жылы өндірілетін қара алтын көлемін азайтуға келіссе, 2017 жылы мұнайдың бір баррелі 65 долларға дейін көтеріледі. Мұндай жағдайда теңгенің долларға шаққандағы бағамы да едәуір артады дейді қаржыгерлер.

Валерий Полховский, сарапшы:

-Егер ОПЕК-ке мүше елдер келісімге келсе, мұнай бағасы 60 доллардан асып түседі. Бұл 1 доллар 315-320 теңге көлемінде болады деген сөз. Алайда қара алтын өндірісі азаймаса, мұнай бағасы қайтадан 40 долларға дейін түсіп кетуі мүмкін. Сондықтан бұл болжамның қаншалықты дәл келетіні 30-шы қарашада белгілі болады. Себебі, сол күні ОПЕК-ке мүше елдер бір келісімге келуі керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде