{metadescription}
Бас прокуратура жастардың жиһадқа кетуінің себебін атады
Бас прокуратура жастардың жиһадқа кетуінің себебін атады

Бас прокуратура жастардың жиһадқа кетуінің себебін атады

Жастардың жиһадқа кетуіне интернет кінәлі. Бүгін Бас прокуратура Сирияға соғысқа аттанған отандастарымыздың 80 пайызы осы ғаламтордағы радикалдардың жалған ақпаратына сеніп шекара асып жатқанын мәлімдеді.

Жыл сайын интернетте жиһадқа үндейтін жүз мыңдаған сайт пайда болады. Ондағы діни экстремистік материалды оқығандар соқыр сенімнің жетегінде Сирияға аттанады дейді прокурорлар. Оның үстіне әлеуметтік желіні шебер меңгерген уағызшыларды ұстау техникалық жағынан мүмкін емес. Өйткені, сыртта отырып, жастарды дінінен адастыратын ұйымдардың сервері шетелде орналасқан. Прокурорларға мұндай сайттарға тосқауыл қою қиынға соғып тұр. 

Әлжан Нұрбеков, Бас прокуратураның Халықаралық байланыстар департаменті директорының орынбасары:

-Интернеттегі жалған ақпараттар жастардың миын шырмап,  террористік топтардың құрамына кіруіне ықпал етіп отыр. Тіпті, санасы уланғаны сонша, аз уақыт ішінде өзінің өмірін қиып жарылыс жасауға дейін дайын тұрады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде