Діни басқарма Мұхамеджан Тазабековке қатысты пікірін айтты
Діни басқарма еліміздегі салафизм ағымына қосылғандардың портретін жасады. Жат ағымның жетегінде кеткендердің басым бөлігі ауылдан шыққан 25-30 жас аралығындағы азаматтар. Әрі көбі жағдайы төмен отбасыларда тәрбиеленген және жұмыссыз бос жүргендер. Олар радикалды бағыттағы шейхтарды пір тұтып, солардың уағызын тыңдаған.
Автор: Жәудір Оразхан
29.11.2016
Ержан қажы Малғажыұлы, бас мүфти:
-Ең бірінші себебі бұл білімсіздік. Көбісі интернеттен дәріс алады. Оның ар жағында кім отырғанын білмейді. Сондықтан имам, теологтармен, жеке әңгіме барысында, олар өздерінің исламнан толық хабардар емес екенін, қайдағы бір интернеттегі мәліметтерді өздеріне сіңіргенін мойындады.
Сондықтан мүфтиат лаңкестігі үшін сотталған 400 астам адамды бөлек түрмеде ұстауды қолдап отыр. Тіпті түрмелерге барып дінінен адасқандарды райынан қайтарып жүр екен. Сондай-ақ, бүгін Діни басқарма Бас муфти ауысады деген ақпаратқа қатысты да мәлімдеме жасады. Өйткені соңғы күндері «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков Діни басқармаға басшы болып тағайындалады екен деген ақпарат тараған. Басқармадағылар болса қазіргі төраға Ержан қажы Малғажыұлы қызметтен кетпейді деп отыр. Оның үстіне Бас Муфти болатын адам Ханафи мәсхабын ұстануы керек дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!