Сәтбаев қаласында пәтер өртеніп, екі мүгедек бала тірідей жанып кетті
Оларға қол ұшын бере алмай, түтінге тұншыққан дімкес анасын құтқарушылар апат орнынан шығарып алған. Алайда үйдің 4-ші қабатта орналасқан пәтердегі өртті сөндірдік деп жөндеріне кеткеннен кейін, тілсіз жау 5-ші қабаттағы пәтерлерге ауысыпты. Салдарынан жоғарғы қабаттағы 3 пәтер отқа оранған. Бірінші өрттен кейін сол маңда жүрген полицейлер тұрғындарды тегіс далаға шығарыпты. Жұрт тіпті киім-кешектері мен құжаттарын алып үлгермеген екен. Ашынған тұрғындар енді өртті шала сөндіргендердің жайбасарлығына күйініп отыр.
Автор: Саят Сабдалы
01.12.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары