{metadescription}
ОПЕК мұнай өндіру көлемін қысқартуға келісім берді
ОПЕК мұнай өндіру көлемін қысқартуға келісім берді

ОПЕК мұнай өндіру көлемін қысқартуға келісім берді

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы көптен күткен келісімге келді. Соңғы 8 жылда бірінші рет ортақ шешім шығарған ОПЕК мүшелері жаңа жылдан бастап қара алтын өндіру көлемін азайтпақ. Яғни, бір тәулікте 32 жарым млн баррельден артық мұнай өндіруге болмайды. Бұл қазіргі көрсеткіштен 1 миллион 200 мың баррельге аз.

Келісім қазірше 6 айға жасалып отыр. Уақыт өте оның ұзақтығы тағы жарты жылға созылуы мүмкін. Соңғы рет ұйымға мүше мемлекеттер 2008 жылы күніне өндірілетін қара алтын көлемін 2 миллион 200 мың баррельге қысқарту жайында ортақ шешім қабылдаған болатын. Бұл картель тарихындағы ең көлемді қысқарту болған. Айта кетейік, ОПЕК-ке мүше 14 мемлекеттің қолында әлемдегі мұнай қорының үштен екі бөлігі бар. Сондықтан бүкіл әлемнің олардың шешімімен санасуына тура келеді. Енді қара алтын құны көтерілуі мүмкін. Бұл бірінші кезекте, экономикасы мұнайға тәуелді Қазақстан сияқты елдер үшін жағымды жаңалық. Дегенмен, отандық сарапшылар, баға айтарлықтай көтерілмейді деп болжап отыр.

Валерий Полховский, сарапшы:

-2017 жылы мұнай бағасы 100 долларға дейін жетеді деген болжам жасай алмаймын. Оның құны шамамен 55-65 доллар көлемінде болады. Жылдан-жылға нарықта өзгеріс болып, 2022 жылы біз бұрынғы бағаға қол жеткізуіміз мүмкін. Яғни ол кезде қара алтынның бір баррелі 100 долларға сатылады деп ойлаймын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде