{metadescription}
Әкелі-балалы Матаевтар жазасын толық өтейтін болды
Әкелі-балалы Матаевтар жазасын толық өтейтін болды

Әкелі-балалы Матаевтар жазасын толық өтейтін болды

Қазақстан Журналистер одағының экс-төрағасы ұлымен бірге жазасын толық өтейтін болды. Астанадағы апелляциялық сот әкелі-балалы Матаевтарға кесілген үкімді өзгерткен жоқ.

Апелляциялық инстанциядан ұтылған Матаевтар енді тергеу изоляторынан абақтыға аттанады. Негізі адвокат сотқа 200-ден астам куәгерді шақырып, жауап алуды және істі қайта тергеуді талап еткен. Айта кету керек, Сейітқазы Матаев 6 жылға, ал оның ұлы ҚазТаг агенттігінің директоры Әсет Матаев  5 жылға сотталған болатын. Оларға «алаяқтық», «қазынаға салық төлеуден бас тартты» деген айыптар тағылған. Сейтқазы Матаевтың өзі рақымшылыққа үміт артып отырған жоқ. Өйткені кінәсіз екенін соңына дейін дәлелдемек.  Ал Матаевтың жары тәркіленген дүние-мүліктің 50 пайызы өзіне тиесілі екенін айтып, оны қайтаруды талап етіп жүр.

Баян Рамазанова, Сейітқазы Матаевтың жары:

- Әлі Жоғары сот бар. Егер ол да арызымызды кері қайтарса, Еуропалық парламент, Халықаралық сот бар. Бұл тек біздің отбасымызға ғана қатысты оқиға емес, бүкіл қазақ журналистикасының басына түскен қайғы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде