{metadescription}
Алматы облысында нанға жарымай күнкөрісі қиындаған отбасыға жұрт жұмыла көмектесуде
Алматы облысында нанға жарымай күнкөрісі қиындаған отбасыға жұрт жұмыла көмектесуде

Алматы облысында нанға жарымай күнкөрісі қиындаған отбасыға жұрт жұмыла көмектесуде

Алматы облысында жоқшылықтан арылған көпбалалы отбасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын ерекше қарсы алды. Осы уақытқа дейін өлместің күйін кешіп келген 4 балалы жесір әйел өткен аптада біздің телеарнадан көрсетілген соң, оған жұрт жұмыла көмектесуде. Жомарт жандар олардың жоқ-жітігін түгендеп берген. Көпбалалы отбасы бүгін де ескерусіз қалмады. Таңертеңнен бір топ адам олардың жалдамалы үйіне барып, мерекемен құттықтады.

Бұл отбасының қиын жағдайы қайырымды жандарды елең еткізбей қоймаған. Жұрт олар туралы білгеннен-ақ, қолдан келер көмегін арқалап осында ағылыпты.Өткен аптада басын көтере алмай жатқан үйдің ең кішкентайы бүгін ерекше көңілді. Бүлдіршін жаңа ойыншықтарымен ойнап әлек. Жұрт әкелген дәрі-дәрмектің арқасында денсаулығы да тәуір болған. Балаларының шынайы күлкісіне қарап, Гүлжәмила да дән риза.

Гүлжәмила Ботабаева, көпбалалы ана:

- Жағдайдың бәрін жасап берді. Халқыма рахмет шексіз. Иіліп сәлем беремін, рахмет сіздерге.

Қөпбалалы отбасы отағасынан айырылғалы бір үзім нанға да зар болып қалған еді. Ал қазір қайырымды адамдардың арқасында үйдегі тоңазытқыш тамаққа толы.

-Тоңазытқышым толып қалды.

Ең бастысы, 4 баланың да, аналарының да көңілдері тоқ. Айтуларынша, халықтың мейірімділігінде шек жоқ. Себебі, мұқтаж отбасыға қол ұшын беремін деушілер еліміздің әр өңірінен табылған. Бірі су жаңа тұрмыстық техника әкелсе, енді бірі тонналап көмір түсіріп беріпті. Балалар киім-кешекті де енді таңдап киетін болған. Ал бір етікті алма-кезек киіп келген Жұлдыз бен Еңліктің қазір жеке-жеке аяқ киімдері бар.

-Міне, ағалар әкеп берген аяқ киім. Өзіме қатты ұнады.

Ішер асы мен киер киімі түгенделген отбасының енді бір ғана арманы бар. Ол – өз үйлерінің болуы. Оның да ауылы алыс емес секілді. Жергілікті шенеуніктер де отбасыны әдейі іздеп келіп, келер жылы баспана кілтін  табыстаймыз деп уәде етіп кеткен. Ал жұрттан мейірім көрген әйелдің алғыстан басқа айтары жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде