{metadescription}
Атырау тұрғындары Шаханда болған апаттың қайталануынан үрейленіп отыр
Атырау тұрғындары Шаханда болған апаттың қайталануынан үрейленіп отыр

Атырау тұрғындары Шаханда болған апаттың қайталануынан үрейленіп отыр

Атырау тұрғындары өздерін алдап соққан әкім-қараларға наразы. Салынғанына 50 жыл болған үйлерінің төбесі осыдан үш апта бұрын құлағанда, қалалық әкімдік оларға жаңа жылға дейін не пәтер аласыңдар, не соның ақшасын береміз деп уәде еткен. Бірақ ол әлі орындалған жоқ. Енді Шаханда болған апаттан кейін бұлар да үйінді астында қаламыз ба деп шошып отыр.

Апатты деп танылған 16 пәтерлік үйдің тұрғындары баспана сұрап әкімдікке тағы келді. Бірақ бұл жолы өткендегідей қуанып емес, мұңайып шықты. Айтуларынша, апатты баспананы бағалау жұмыстары тек мамыр айында басталмақ. Бірақ халық оған дейін үйіндінің астында қаламыз ба деп қауіптеніп отыр.

Үміт Қанафина, Атырау қаласының тұрғыны:

-20 жылдан бері жөндеу болған жоқ.  Газ жоқ үйде, балонмен отырмыз. Енді адам өлуін күтпейтін шығар деп ойлаймыз.

Ал төбе құлаған соң оның орнын жинап кетуге ғана келген әкімдік қызметкерлері қазір жайбарақат. Тіпті әуелгіде айтқан әңгімелерінен тайқып, тұрғындарға берілетін бос пәтерлердің де жоқ екенін ашық айтты. Тек бюджет қаржысына салынып жатқан көппәтерлі үйлер құрылысының аяқталуын күту керек дейді. Ал олар тек мамыр айында пайдалануға беріледі екен.

Қайрат Кенжәлиев, Атырау қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:  

-Мамыр айында қала әкімінің қаулысымен белгіленген тәртіп бар. Екі бөлме пәтері болғандарға  екі бөлме пәтер береміз. Үш бөлмеге үш бөлме,бір  бөлмеге  бір бөлме береміз. Отбасындағы адам санына да қараймыз.

Қосқабатты үйдің төбесі өткен айдың ортасында опырылып құлаған болатын. Үйіндіден жұрт аяқ алып жүре алмай, енді бірі есіктерін аша алмай қалған еді. Абырой болғанда, адам аман. Бірнеше жыл бойы сүріледі деп келген соң баспанаға жөндеу де жүргізілмеген болып шықты.

2007 жылы апатты деп танылған 16 пәтерлік мына үйдің кей жерлері тіреумен әрең тұр. Тіпті орталық жылу қазандығына да қосылмағандықтан, әркім өз бетінше жылытуда. Енді бірінші қаңтарда Шаханда болған жағдайдың шеті бізге де жете ме деп қауіптенген тұрғындар сөзбұйдаға салып қойған әкімдік әрекетінің заңды-заңсыздығын анықтау үшін прокуратураға шағымданбақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде