{metadescription}
Ақтөбеде атақты жазушы Сәбит Досановтың ұлы қарамағында істейтін заңгерді сабап тастады
Ақтөбеде атақты жазушы Сәбит Досановтың ұлы қарамағында істейтін заңгерді сабап тастады

Ақтөбеде атақты жазушы Сәбит Досановтың ұлы қарамағында істейтін заңгерді сабап тастады

Ақтөбеде «Қазақстан темір жолына» қарасты мекемесінің заңгері өзін бастығы соққыға жықты деп шағымданды. Айтуынша, аймақтағы вокзал шаруашылығына жауапты директордың орынбасары Абай Досанов жалған құжат жасауға мәжбүрлемек болған. Бас тартқан соң, тепкінің астына алды дейді Дархан Смайылов. Бұл туралы басшының өзі жақ ашқан жоқ. Дегенмен, оның әрекетін тәртіп сақшылары тергеп жатыр.   

Ақтөбедегі магистралдық желі бөлімшесінің вокзал шаруашылығы мекемесінде істейтін Дархан Смайылов ауруханада жатыр. Миы шайқалып, басынан жарақат алған. Бастыққа жалған келісім-шарт дайындап бермегенім үшін таяқ жедім дейді өзі.

Дархан Смайылов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Желкемнен келіп жұдырықпен ұрды. Содан шашымнан тартып жарға тепкінің астына алды аяғымен. Кабинеттен қашып шығып бара жатқанда, құйрығымнана тепті. Сонымен аяғымнан сүйреп екінші есіктен сүйреп кіргізді. Қабылдау бөлмесіндегі тұрған камера соны түсірді.  

Заңгер айыптап отырған Абай Досановты жұрт білмегенімен, әкесі мен қайынжұрты елге танымал. Жазушы Сәбит Досановтың ұлы, Тұрлыхановтар әулетіне күйеу бала екен. «Енді оның бассыздығын кешірмейміз» деп отыр жәбірленушінің туыстары.

Айман Смайылова, Д. Смайыловтың анасы:

- Жазасын алсын. Үкімет бар ма? «Машинаңды өртеймін,өмір бойы кредит төлеткіземін» деген сөздер айтқан. Ол не деген сөз? Ақымақтық. Мен айтпаймын ондайды әйел болып.

Абай Досановтың өзін таңнанан бері іздеп жұмыс орнынан таппадық. Тек түске таман хатшысына тілшілерге бер деп тілімдей қағаз тастап кеткен. Онда да төбелес туралы ләм-мим демепті. Тек заңгерге әзірлетпек болған құжатқа қатысты деректер келтірген. Ал хатшысы хатты ұстата сала қашып кетті. Қазір шойын жол мекемесі басшысының әрекетін тергеумен желілік ішкі істер бөлімі айналысып жатыр. Олардың айтуынша, бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде