{metadescription}
 Атырауда өзін өртеп өлмек болған прокурор мәлімдеме жасады
 Атырауда өзін өртеп өлмек болған прокурор мәлімдеме жасады

Атырауда өзін өртеп өлмек болған прокурор мәлімдеме жасады

Өзін-өзі өртеп, кінәсіздігін дәлелдемек болған Атырау облысы прокурорының экс-көмекшісі Ләйлә Смадиярованы бұрынғы әріптестері аяр емес. Олар тіпті денесі күйіп, жансақтау бөлімінде жатқан Смадиярова қашып кетеді деп қорықса керек, үйқамақтан тергеу абақтысына жіберу туралы сотқа өтініш берген. Судья да бірден келісіпті. Сондықтан, Ләйлә Смадиярова қазір ауруханадағы арнайы палатада қырағы күзетпен жатыр. Бүгінгі сот отырысына да сол жақтан жеткізілді.

Пара алды деп ұсталған экс-прокурордың өзі тағылған айыптарды жоққа шығаруда. Ешқандай айғақ жоқ деген Смадияров, тергеудің де біржақты жүргізілгенін айтады. Экс-прокурор Ләйлә Смадирова өткен жылдың тамызынан бері үйқамақта отыр. Тағылған айып та жеңіл емес.Тергеу мәліметтеріне қарағанда, ол Атыраудағы әйелдер түрмесінің қызметкерлерінен жүйелі түрде ақша бопсалаған. Мұны жала деген келіншек, өткен аптада өзін өртеп қарсылық танытқан болатын. Ал, өткен жылдың қазан айында басталған сот процесіне осы аптада нүкте қойылуы мүмкін.

Ләйлә Смадиярова, айыпталушы:

-Қолдарында аудио-видео фиксация, дәлел түк те жоқ. Көп жыл бойы прокуратурада адал еңбек еттім,құқық қорғау саласындағы кейбір адамдарға қатысты іс жүргізгем кезінде, маған жала жабылды. Мені қайткенмен де отырғызуға тырысып жатыр бұлар. Қазір қатты қиналып отырмын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.